Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат жалақы аз деп ашынды
Жаңалықтар

Депутат жалақы аз деп ашынды

19.06.2020
1 мин
5
1267

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі уақыттағы өмір сүру талаптарына сәйкестендіру керектігін айтты. Депутат өз сөзінде халықтың басым көпшілігі ақшаны азық-түлік өнімдеріне жұмсайтынын мәлімдеді. Елімізде жалақы мөлшері дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен, сондай-ақ өзге елде азық-түлікке жұмсалатын ақша 10 пайыздан аспайтынын алға тартты, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елімізде ең төменгі жалақыны миллиондаған азамат алады. Бұл көрсеткіш елдегі орташа жалақының 19 пайызын ғана құраса, дамыған елдерде бұл 50%-ға тең.

"Еліміздегі ең төмен жалақы ЕАЭО-ға мүше Ресейден 34 мың, Беларусьтен 22 мың, Армениядан 13 мың, ал ТМД елдеріндегі Украинадан 35 мың, Молдовадан 25 мың, Әзербайжаннан 16 мың теңгеге төмен. Сондықтан, құрметті үкімет, біз барлығын түсінеміз. Десе де азаматтарымыздың өмір сүру деңгейі мен ең төменгі жалақыны қазіргі өмір сүру талаптарына сәйкестендіруді тез арада қолға алу керек деп санаймыз", - деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

Сондай-ақ Мұрат Бақтиярұлы өткен жылы азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты азаматтар жалақысының басым бөлігін тамаққа жұмсағанын айтты.

 "Ресей мен Беларусьте бұл көрсеткіш халық табысының үштен бірінен аспайды. Барлық табыс азық-түлік сатып алуға жұмсалып жатыр. Олардың өз жинағын арттыруға мүмкіндігі аз. Тұрмыс деңгейін жақсарту, негізінен, кредит алу есебінен қамтамасыз етіліп жатыр деген сөз. Халықтың қарызға батуы әлеуметтік проблемаларға әкеп соғуы мүмкін", - деп алаңдады сенатор.

Депутат Қазақстанда төменгі күнкөріс деңгейі мен ең төменгі жалақы қазіргі жағдайға сәйкес келмейтінін айтты.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
Г
Гульмира 19.06.2020
Дұрыс айтады. Тек тамақтан ауыспайды айлығымыз. Кыдыру, киіну киял болып қалды
Жауап беру
А
Айзада 19.06.2020
Аз болсада берекесин берсин деп істеп журмізғой
Жауап беру
А
Акмарал 19.06.2020
Косылам аз жалакы продуктадан артылмайд
Жауап беру
Ж
Жания 18.06.2020
Өте дұрыс.
Жауап беру
Ж
Жаннур 18.06.2020
Косылам.дурыс айткан.Алла разы болсын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл