Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде дәрігердің қабылдау бағасы 16 пайызға қымбаттаған
Жаңалықтар

Елімізде дәрігердің қабылдау бағасы 16 пайызға қымбаттаған

30.06.2020
1 мин
0
817

Биыл мамыр айында денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету құны 5,9 пайызға қымбаттады, деп жазады Energyprom.kz. Соның ішінде, амбулаториялық қызмет – 6%, дәрі-дәрмек бағасы 6,9%-ға өскен.

Еліміздің қалаларында ақылы дәрігердің қарауына жазылу бағасы 16,1 пайызға қымбаттап, орта есеппен 3,1 мың теңгені құраған. Ең қымбат баға Алматыда – 4,5 мың теңге, ең арзаны Түркістанда – 1,9 мың теңге.

Қазақстанда УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) жасаудың орташа құны – 3,5 мың теңге. Бұл былтырмен салыстырғанда 12,7 пайызға қымбат. Сол секілді, қан тапсыру да қымбаттап, 1,2 мың теңгені құраған. Ал, зәр анализін тапсыру 700 теңгеге жетіп, өсім 7,9 пайызды көрсеткен.

Бір тісті жұлудың орташа бағасы Қазақстанда – 4 мың теңге (былтырмен салыстырғанда 10,6% қымбат). Мойынды уқалату – 978 теңге (+28,9%), санаторий құны – 10,2 мың (-3,9%).

Медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында көрсетілгендей, биыл бірінші тоқсанда денсаулықты қалпына келтіру, сауықтыру қызметтерін пайдаланудың көлемі артқан. Мәселен,  былтыр алғашқы үш айда 23,3 мың адам бұл қызметті пайдаланса, биыл бұл көрсеткіш 31,5 мың адамға жеткен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл