| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде электрондық шот-фактураларды рәсімдеуге қатысты жаңа өзгерістер күшіне енді. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа тәртіп резидент емес тұлғалар үшін қосылған құн салығын төлеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған. Бұған дейін шот-фактура салық төленгеннен кейін 5 күн ішінде рәсімделуі тиіс болатын, бұл талап кәсіпкерлер үшін қолайсыздық туғызған.
Енді енгізілген өзгерістерге сәйкес, қызмет алушы электрондық шот-фактураны қызмет көрсетілген күннен бастап 15 күн ішінде рәсімдей алады. Ал салық сомасы төлем жасалған күнге қарай есептеледі.
Сондай-ақ 2026 жылдың бірінші тоқсанына қатысты бұл талаптарды бұзғаны үшін айыппұл қарастырылмайды.