Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коронавирустың екінші толқынын еңсеруге біздің қаржы жете ме?
Жаңалықтар

Коронавирустың екінші толқынын еңсеруге біздің қаржы жете ме?

13.06.2020
1 мин
1
1345

Орталық коммуникациялар қызметіде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Коронавирустың екінші толқыны болса, оны еңсеруге Қазақстанның қаржысы жете ме?" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Коронавирустың бірінші толқынын еңсеру үшін бюджеттен 153,4 млрд теңге бөлінген еді. Оның 26,6 млрд теңгесі – Үкіметтің резерві болса, 125,3 млрд теңгесі нақтыланған республикалық бюджет кезінде бөлінген. Сонымен бірге, 1,5 млрд теңге Білім және ғылым министрлігінің бюджетінен аударылды. Жалпы жағдай қалай қалыптасады, коронавирусқа қатысты ахуал не болады – оған қарай экономикалық жағдай қалай өзгеретінін көре жатармыз. Жалпы Үкіметтің резерві мен нақтыланған бюджетте тиісті қаражат бар», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның ұлттық қорына былтыр 4,5 трлн теңге қосылғанын мәлім еткен болатын. Оның айтуынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық қор қаражаты шамамен 27,5 трлн теңгені немесе 65,5 млрд долларды құрады. Өткен жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар түсімдері есебінен 2,8 трлн теңге түскен. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айым 13.06.2020
Мейли кандай жагдай болсада окимет азды кемди олтирип жаткан жок шукир
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл