Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Лақтырып жіберген чегіңізді алаяқтар қалай пайдаланады
Қаржылық сауат

Лақтырып жіберген чегіңізді алаяқтар қалай пайдаланады

31.05.2020
1 мин
24
8184

Салық органдары дүкенде сатып алынған тауар чегін лақтырып жіберудің немесе белгісіз адамдарға берудің қатерін ескертеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Кез келген адам сауда жасағаннан кейін түбіртекті түкке жарамсыз деп ойлауы мүмкін. Мәселен, сіз дүкеннен келе жатқанда алдыңыздан шыққан белгісіз біреу «бонус жинау үшін түбіртегіңізді бере аласыз ба?» деп сұрауы ықтимал. Әлбетте, ойыңызға ештеңе келмей чекті ұстата саласыз. Алайда, дәл осы жағдайдан алаяқ немесе толыққанды алаяқтар жоспарының қатысушысы болып кетуіңіз әбден ықтимал.

«Мәселен, алаяқтар сіздің түбіртегіңізді алып дүкенге қайта барады. Белгілі бір заттың биркасын жұлып тастап, оны қолды қылуы мүмкін. Ал есік алдындағы күзетке сіз берген түбіртекті көрсете салады. Алаяқтықтың екінші түрі: еш затты ұрламай-ақ әлгі адам сіздің чегіңізді дүкен иесіне қайтарып, ақшаны талап ете алады. Себебі клиент заң бойынша алған тауарын қайтара отырып, ақшасын белгілі бір уақыттың ішінде талап етуге құқылы. Алаяқтардың түбіртекке қатысты әрекетінен зардап шегетін дүкендер ғана емес. Саудадан кейін карта арқылы төлем жүргізетін сатып алушы да мәселемен бетпе-бет келеді. Пластик картаны пайдалану арқылы банк операциясын орындасаңыз, сізге қатысты мәліметтерді пайдаланып та заңға қайшы әрекет жасалуы мүмкін. Чектегі транзакция мәліметтерінің көмегімен алаяқтар белгілі бір ақпаратты біліп алып, артынша хаккерлер сіздің банктік шотыңызға да жетіп алады», - деп ескертеді Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Осы себепті департамент тауарлық чек – бөтен қолға түспеуі тиіс төлем құжаты екенін ескертеді.Оны дүкенге жақын қоқыс жәшігіне тастауға болмайды. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
24 Пікір
Б
Бауыржан 27.06.2020
компьютер или ноутбукпен логинге калай киремиз мобилди косымшада бар гой логтн пароль аркылы киретин
Жауап беру
Б
Ботакөз 12.06.2020
Менде түсінбедім. Ақшасын қайтарып беру үшін. Тауарды қайтару керек емес пе
Жауап беру
Б
Ботакөз 12.06.2020
Менде түсінбедім. Ақшасын қайтарып беру үшін. Тауарды қайтару керек емес пе
Жауап беру
Г
Гульзада 08.06.2020
Түсініксіз. Әйтеуір алдану ...
Жауап беру
А
Алия 05.06.2020
Чекті дүкенге қайтарып ақшасына алу үшін, дүкенші тауарды талап етпей ме? алаяққа ол методика жарамсыз ғой
Жауап беру
С
Сәкен 03.06.2020
Сонда супермаркеттегі бейнебақылау не үшін қажет, супермаркеттегі күзеттер бақыламағанда не істейді. Олай істеуге ешқандай мүмкіндік жоқ ешкімге. Әлгі жерде алаяқ дүкенге кіріп сол чекпен қалай шығады түк түсінбедім
Жауап беру
Б
Биби 02.06.2020
Бирак кайтаратын тауарды кайтармай оларда казир акшаны кайтарып бермейдигой
Жауап беру
С
Сабыржан 02.06.2020
Ассалаумағалейкум. Сауданы картамен жасаған болсаңыздар, сауда біткен соң лимитті жауып қойыңыздар. Картаңызды түсіріп алған болсаңыз екінші рет пин код термей-ақ сіздің картаңызбен төлей береді.
Жауап беру
Ж
Жаксигул 02.06.2020
Ойланатын жайт коп екен
Жауап беру
М
Молдир 01.06.2020
Ескерткендеріңіз дұрыс болды, шынында да мән бермейміз ғой
Жауап беру
Н
Нұрсұлу 01.06.2020
Кәзіргі заманда барлығыда мүмкін болып кеттіғой
Жауап беру
А
Анар 01.06.2020
Барлык магазинде камера деген бар. Буйтип истейалмайды леп ойлаймын. Ойткени мен ощим фирканга коп киремин кейде багасы тура келмей калып кайтарып берген уакыттарым болган аблен тексерип коз жеткизип кайтарады оларда пысык болган казир. Сондыктан ол отирик. Ал картамен толенген чекти билмедим.
Жауап беру
М
Мади 01.06.2020
Дәл осы чекті пайдаланып алаяқтық жасау туралы естімеппін. мынау керісінше оларға инструкция емес па
Жауап беру
Р
Рыскул 01.06.2020
О тоба кімнің заманы болып кетті. Алааяқтардан айла артылмады ғой
Жауап беру
Г
Гулнур 01.06.2020
Онша түсінбедім.
Жауап беру
Н
Несiбелi 01.06.2020
Сайттан пайдалы акпарат алдым.осы кезге дейн билмеппин.рахмет
Жауап беру
L
Laura 01.06.2020
Товарды кайта кайтарар кезде камерадан карап барып кайтармай ма?
Жауап беру
А
Айгерім 01.06.2020
Пайдалы ақпарат екен.
Жауап беру
Ұ
Ұлықпан Ақмарал 31.05.2020
Керекті ақпарат сақ болу керек
Жауап беру
S
Sauleli kelinshek 31.05.2020
Но керемет аппарат екен рахмет. Менде бир сурап мысалы биз терминалдан акша калдык чек шыгардык соныда тастап кауиптима
Жауап беру
Г
Гулнур 31.05.2020
Есте ұстаған жөн екен
Жауап беру
B
Bakhyt 31.05.2020
Estes bolatyn naral eken
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл