Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстауда тергеу изоляторына смартфон мен SIM-карталарды жасырып жібермек болған адам ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Маңғыстау облысында тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті әшкере болды. Қамауда отырған азаматтың танысы әкелген сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері "NOTHING" маркалы смартфон мен екі SIM-картаны тәркіледі.
Смартфон мен SIM-карталар дымқыл майлықтардың қаптамасына жасырылып, қамауда отырған азаматқа жеткізілмек болған. Бұл оқиға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша қаралып, тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылды.