Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшуі мүмкін
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшуі мүмкін

13.06.2020
1 мин
0
1204

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова халық арасында санитарлық талаптың сақталмауы салдарынан елімізде коронавируспен ауырғандар саны көбейіп келе жатқанын мәлімдеді.

Бұл жайында Бюрабекова премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты.

«Науқас адаммен байланыста болғандардың арасында вирусты жұқтырғандар саны артты, оның ішінде тұтас отбасының індетке шалдығу оқиғалары көп тіркеліп жатыр. Өткен екі аптада коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы ұжымдарға қатысты болды», – деді ол.

Осыған орай, премьер-министрдің орынбасары науқастар саны артып жатқан өңірлердің әкімдіктеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын топтардың жұмысын күшейтуді, талаптарды орындамаған объектілердің қызметін уақытша тоқтату бойынша нақты шаралар қабылдауды қолға алуы қажет», – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар мемлекеттік орган басшыларына ұжымның 80%-ін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыру ұсынылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл