Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде нанның орташа бағасы 1 жыл ішінде 10,5% өсті, деп хабарлады ranking.kz.
Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 9,2%, жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан 13,5%, қара бидайдан жасалған нан 12,6%-ға өскен.
Маусым айында бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының 1 келісі орта есеппен 151 теңге (бір жылда +9%), жоғары сұрыпты бидай нанының бір келісі 289 теңге (+13,6%), қара бидайдан жасалған нанның бір келісі 249 тг (+13,8%) болды.
Қазақстанның ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны Атырау (бір келісі 178 теңге) және Ақтау (бір келісі 173 теңге) тұрғындары үшін қымбатқа түсті. Мұндай нан Алматыда (келісі 132 тг) және Таразда (бір келісі 138 тг) салыстырмалы түрде арзан.
Бір ай ішінде қара бидай наны Көкшетауда (+ 4,3%) және Оралда (+ 4%), бір жыл ішінде Атырауда (+ 39,1%) қымбаттады. Жоғары сұрыпты бидай ұны Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін қымбатқа түсіп отыр (бір келісі 414 теңге), одан кейін Өскемен (бір келісі 376 теңге) және Семейде (бір келісі 337 теңге). Ең арзан нан Қызылорда (келісі 203 тг) мен Таразда (келісі 207 тг). Қазақстанда қаңтар-мамыр айларында нан өндірісі 292,8 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3% аз.
Тағы көру