493.85
571.78
6.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Несие алу оңай болмайды: шілдеден бастап жаңа ережелер күшіне енеді
Қаржылық сауат

Несие алу оңай болмайды: шілдеден бастап жаңа ережелер күшіне енеді

07.03.2026
мин
0
790
Сурет: bcc.kz

Қазақстандықтар үшін несие алу тәртібі қатаңдайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалаудың жаңа тәсілдері қолданысқа енеді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, орташа табысы бар қазақстандықтар бұрынғыдай несие ала алады, бірақ жаңа коэффициенттер ресми кіріске негізделеді.

Жаңа ТЖК (табысқа жүктеме коэффициенті) мен БЖК (борыш жүктемесі коэффициенті) азаматтың барлық несие төлемдері мен табысын салыстыра отырып, қарызды өтеу мүмкіндігін бағалайды. Бұл ресми табысы жоқ немесе өте төмен азаматтарға шамадан тыс несие берілмеу үшін қажет.

- Құжатқа тіркелген, МӘМС пен зейнетақы аударымдары жүргізілетін табыс болуы маңызды. Сол кезде банктер тұтынушылық, ипотекалық немесе автонесиелерді беру кезінде азаматтың тұрақты кірісі бар екенін көріп, несие береді. Ал қолма-қол табыс ресми көрсетілмесе, банктер несие беруге дайын болмайды, – деді Тимур Сүлейменов.

Жүйе орташа табысы бар азаматтардың несие алу мүмкіндігін сақтай отырып, қаржылық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Қаржы мамандарының айтуынша, несие алу кейде ең оңай шешім болып көрінгенімен, оны өтеу әрдайым оңай бола бермейді. Сондықтан кез келген қарызды рәсімдемес бұрын өз табысыңызды, шығыныңызды және болашақтағы қаржылық мүмкіндіктеріңізді мұқият саралаған жөн.

Қаржылық қауіпсіздіктің ең дұрыс жолы — артық қарызға батпау, мүмкіндігінше шығынды жоспарлап, қажетсіз несиеден бас тарту. Себебі қаржылық тұрақтылық — әр отбасының тыныштығы мен сенімді болашағының кепілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл