| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет отырысында Олжас Бектенов конституциялық заң жобаларын белгіленген мерзімде дайындау және жоспар бойынша іске асыру қажеттігін атап өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Олжас Бектенов жоспарды жүзеге асыру үшін жан-жақты және түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.
- Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 15 сәуірге дейін конституциялық заң жобаларын дайындап, Үкіметке ұсынуы қажет», — деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, Әділет министрлігіне жоспар жобасын мүдделі органдармен бірге әзірлеп, 1 сәуірге дейін Үкімет Аппаратына енгізу тапсырылды.
Олжас Бектеновтің айтуынша, бұл шаралар жаңа заңнаманы уақытында іске асыруға және құқықтық базаны нығайтуға бағытталған.