Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар саны 130 адамға көбейді, өсім - тәулігіне 43,3 пайыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"20 наурыздан 21 мамырға дейін 455 адам тіркелді, оның ішінде үшеуі қайтыс болды. 170 адам сауығып шықты, бұл вирус анықталғандардың 39,4 пайызы. Инфекция жұқтыру көрсеткіші - 100 мың тұрғынға шаққанда 30,3 пайыз. Облыс бойынша күнделікті өсім - тәулігіне 43,3 пайыз", - деді Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров.
Оның айтуынша, коронавирус 9 қала мен аудандарда тіркелген.
"Қарағандыда - 172 жағдай, Теміртауда - 186 жағдай, Шахтинск - 10, Абай және Абай ауданында - 5, Жезқазған - 4, Бұқар Жырау ауданында - 26 жағдай, Саран - 11, Сәтпаев және Шет ауданында - біреуден. Басқа қалалардан келген 14 адам тіркелген", - деп атап өтті ол.
Санитар дәрігерлер вирус жұқтырғандармен байланыста болған 10 045 адамды анықтады, оның ішінде 2267 жақындары.