| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда азаматтық алу емтиханына қатысты жаңа талаптар күшіне енді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда азаматтық алуға ниетті шетел азаматтарына арналған міндетті тестілеуді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің тиісті бұйрығы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, тестілеу кезінде үміткердің орнына бөгде адамның қатысуы анықталған жағдайда толтырылатын арнайы актінің нысаны жаңартылды. Енді онда құқық бұзушылыққа жол берген адамның Қазақстан азаматы немесе шетел азаматы екені нақты көрсетіледі. Сонымен қатар құжаттағы бірқатар құқықтық терминдер нақтыланды.
Бұл түзетулер тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге, өзге адамның орнына емтихан тапсыру әрекеттерінің алдын алуға және бақылау шараларын күшейтуге бағытталған.