Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде дәрілердің бағасын қымбаттатып, заңсыз дәрі сатып жатқан алыпсатарлар көбейіп кетті. Қазақстанның бірқатар аймақтарында оңай жолмен пайда көрмек болғандардың жолы кесілді.
Дәрігер травматолог Асқарбек Қамбарбековтың айтуынша, дәріханаларда дексаметазонның бір ампуласы 1600 теңгеден сатылып жатыр.
«Осы күнге дейін дексаметазонның қораптағы 25 данасы 2 мың теңге тұратын. Ал дәрінің 25 данасын алу үшін 1600-ден болғанда, 40 мың теңге болады. 2 мың теңге болған дәріні 45 мыңға сатып жатыр. Сондай-ақ барлық дәріханалар бағаны қымбаттатқан, ал чек еш жерде берілмейді», - деді дәрігер.
Батыс Қазақстанда косметикалық клиникалардың бірінде қызметкерлер дәріні заңсыз, лицензиялық құжатсыз сатқан. Бұл мекемеден 636 қап парацетомол, 1519 дана цефтриаксон, 1000 орама ацетилен қышқылы, 233 ампула лидокаин, 12 орама цитрамон, 3 орама азитромицин, 117 ампула дексаметазон және өзге де дәрі-дәрмектің 5 мыңнан астам данасы табылған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 214-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шымкентте қала тұрғыны «Ингавирин» препаратын заңсыз сатып келген. Жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 200 мың теңгеге «Ингавирин» дәрі-дәрмегін рұқсаттық құжаттарсыз заңсыз сатумен айналысқан қала тұрғыны анықталды.
Соңғы уақытта елдегі жағдайды оңтайлы пайдаланып, дәрі-дәрімекті заңсыз сатушылар қарасы көбейген. Бұндай жағдайлар еліміздің бірнеше өңірінде орын алып отыр.