Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан азаматтары 2025 жылдың 31 тамызына дейін 235 920 теңге көлемінде мемлекеттік білім беру капиталын ала алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл төлем 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 5 жасқа толған немесе толатын балаларға беріледі. Оны алу үшін Отбасы банктен “AQYL” білім беру депозитін ашу қажет.
Бүгінде 6 624 ата-ана бұл депозитті ашып үлгерген.
“AQYL” депозитін қалай ашуға болады?
Бұрын ашылған “AQYL” депозиті барлар не істеуі керек?
Егер балаңыз 2025 жылдың алғашқы жартысында 5 жасқа толып, оған дейін “AQYL” депозиті ашылған болса, ата-аналар 2025 жылдың 15 мамыры мен 30 маусымы аралығында Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) жеке кабинетке кіріп, қосымша келісімге қол қоюы тиіс.
Жеке кабинетке кіріп, “Менің банкім” және “Депозиттер” бөліміне өтіңіз. Онда қосымша келісім туралы хабарлама шығады – SMS арқылы келген кодпен бір рет басу арқылы қол қою жеткілікті.
Келісімге қол қою мүмкіндігі жақын күндері мобильді қосымшада да қолжетімді болады, банк бұл жайында қосымша хабарлайды.
Мемлекеттік капитал қашан түседі?
235 920 теңге көлеміндегі мемлекеттік капитал келесі жағдайларда аударылады:
– 2025 жылдың 31 тамызына дейін – егер бала 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 5 жасқа толса және “AQYL” депозиті ашылған болса немесе 30 маусымға дейін қосымша келісім жасалса;
– 2026 жылдың 28 ақпанына дейін – егер бала 2025 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында 5 жасқа толса және сол жылы “AQYL” депозиті ашылса немесе қосымша келісімге қол қойылса.
Балалар қанша алады?
2025 жылы бастапқы білім беру капиталы:
– жалпы санаттағы балаларға – 60 АЕК немесе 235 920 теңге;
– жетім және қамқорсыз қалған балаларға – 120 АЕК немесе 471 840 теңге.
“AQYL” депозитінің шарттары:
– Сыйақы мөлшерлемесі – 13,58% (ЖТСМ 14,5%-дан бастап);
– Мемлекеттік сыйлықақы:
– Барлық салымшыларға – 5%;
– Әлеуметтік осал топтарға – 7% (жетім, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға);
– Міндетті алғашқы жарна – 3 АЕК немесе 11 796 теңге (2025 ж.);
– Жетім және қамқорсыз қалған балалар үшін алғашқы жарна талап етілмейді;
– Жыл сайынғы ең жоғары сыйлықақы – 100 АЕК немесе 393 200 теңге (2025 ж.).
Қандай жағдайда мемлекеттік капитал қайтарылады?
Капитал “AQYL” депозитіне аударылады, бірақ оны сақтау үшін ата-аналар жыл сайын жарна салып отыруы тиіс – бала кәмелетке толғанша немесе оқу орнына түскенше.
– Жалпы санаттағы балалар үшін – 24 АЕК немесе 94 368 теңге (2025 ж.);
– Әлеуметтік осал топтағы балалар үшін – 12 АЕК немесе 47 184 теңге (2025 ж.);
– Жетім және қамқорсыз қалған балалар үшін жарна талап етілмейді.