Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Құзырлы орган iPhone қолданушыларына ресми ескерту жасады
Жаңалықтар

Құзырлы орган iPhone қолданушыларына ресми ескерту жасады

25.11.2025
мин
0
739
Сурет: Inbusiness.kz

Құзырлы орган алаяқтардың iPhone иелерін нысанаға алған жаңа фишинг әрекеті туралы айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы уақытта алаяқтар Apple атынан жіберілетін жалған SMS және iMessage хабарламалары арқылы азаматтарды алдап жатыр.

Хабарламаларда көмескі түрде «iPhone табылды» деген ақпарат жазылып, құрылғының моделі мен түсі көрсетіледі.

Сілтеме басылған жағдайда қолданушы Apple Find My сервисіне ұқсатып жасалған фишингтік парақшаға түседі. Нәтижесінде Apple ID мен құпия деректер алаяқтардың қолына өтеді.

Ведомство мұндай сілтемелерді ашпауға, жеке мәліметті бөгде ресурстарға енгізбеуге кеңес береді. Сонымен қатар бөлек электронды пошта пайдалану, SIM-картаны PIN-кодпен қорғау және құрылғыны тек тек ресми icloud.com/find қызметі арқылы тексеру ұсынылады.

Құзырлы орган азаматтарды киберқауіптерден сақ болуға шақырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл