Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Салық есебін толтырғанда кәсіпкерлер қандай қателіктер жібереді
Жаңалықтар

Салық есебін толтырғанда кәсіпкерлер қандай қателіктер жібереді

17.05.2022
1 мин
0
4692

Салық есептілігін толтырғанда салық төлеушілері қандай қателіктер мен бұзушылықтарға жиі жол беретіні туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары айтып берді.

Бүгінгі таңда салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді қолданып жатыр, солардың бірі – камералдық бақылау. Камералдық бақылау салық декларацияларында көрсетілген мәліметтер мен түрлі деректер көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Ведомство өкілдерінің айтуынша, декларацияларда деректердің дұрыс көрсетілмеуі салдарынан салық төлеушілер сәйкессіздіктерге жол беретін жағдайлар жиі кездеседі. Сол себепті камералдық бақылау бойынша хабарлама жіберіледі.

Салық төлеушілер жиі жіберетін қателіктерге мынандай қателер жатады.

Электрондық шот-фактураларды дұрыс толтырмау және жазып беру:

  • шетел валюталарының кодтарын қате көрсету;

  • тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың дұрыс көрсетілмеуі;

  • тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруші мен сатып алушының санаты (экспедитор, лизинг беруші және басқа да санаттар) көрсетілмейді.

Салық декларацияларын дұрыс толтырмау және ұсынбау:

  • декларацияны толтыру кезіндегі арифметикалық қателер;

  • нөлдік немесе бос декларацияларды толтыру және жіберу;

  • бірдей декларациялардың қайталап жіберу;

  • өткен жылдардағы декларациялардан деректерді дұрыс көшірмеу (тауарлардың қалдықтары, шығындар, топтардың (кіші топтардың) құндық балансы).

Ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзу:

  • тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде бақылау-кассалық чектердің басылмауы;

  • чектерді қате сомалармен басу;

  • чектер бойынша қайтарымдарды ресімдемеу.

Салық төлеушілердің мекенжайына жіберілетін камералдық бақылау хабарламаларының саны ЭШФ толтырудың қарапайым ережелерін сақтауға, салық есептілігінде барлық қажетті деректерді дұрыс және толық көрсетуге байланысты болады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді салық міндеттемелерін декларациялау кезінде мұқият болуға шақырды.

Сіз зат сатып алар алдында қандай төлем түрін қолданасыз?
2525 адам
Төлем картасы 0%
Қолма-қол ақша 0%
Интернет-банкинг 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл