| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мен азамат Виталий Шевченко арасындағы дау бойынша сот шешім шығарды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Виталий Шевченко депутаттың Facebook-тегі жазбаларын өзіне қарсы бағытталған деп есептеп, шағым түсірген. Ол Жаңбыршиннен парақшасында ресми түрде кешірім сұрауды талап еткен.
Даудың шығу себебі — «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу» заң жобасын талқылау кезінде туындаған пікірталас. Шевченко өз тәжірибесін айтып, депутатты сынға алған, ал Жаңбыршиннің жауабы оған қорлау болып көрінген.
Сот бұл талапты қанағаттандырмай, арызды қабылдамады. Сонымен қатар, Шевченкодан Алматыдағы Сот сараптамалары институтының шығындарын өтеу ретінде 131 403 теңге өндірілді.