| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі ересек азаматтарға күтім жасайтын адамдарға арнайы төлем қарастырылмаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ол шетелдік тәжірибені мысалға келтіріп, Еуропа елдерінде мұндай күтім әлеуметтік маңызы бар еңбек ретінде бағаланатынын атап өтті. Онда қамқоршыларға өтемақы төленіп қана қоймай, күтім жасаған уақыты еңбек өтіліне енгізіледі және зейнетақы жарналарын мемлекет өзі төлейді.
Осыған байланысты депутат үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады. Атап айтқанда, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақы беру, күтім жасау мерзімін еңбек өтіліне қосу және зейнетақы аударымдарын бюджет есебінен төлеу қажет екенін айтты.
Сонымен қатар бұл санаттағы азаматтардың құқықтық мәртебесін әлеуметтік қорғау жүйесінде ресми түрде бекіту қажеттігі де көтерілді.