Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сарыөзекте мерзімді қызметтегі сарбаздың қаза болуына байланысты офицер сотталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы гарнизонының әскери соты билігін асыра пайдаланып, қатардағы Досымжан Сәлімжанның өліміне әкелген бұрынғы лейтенантты кінәлі деп танып, үкім шығарды.
Атырау облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаз Сәлімжан 13 мамырда Сарыөзек ауылының аумағындағы 29108 әскери бөлімінде қайтыс болды. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі оның ата-анасына қолдау көрсетілгенін хабарлаған еді.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қатардағы сарбаз аорта аневризмасының жарылуы салдарынан қайтыс болған. Айыптау жағы сотталушының жас жігітті бірнеше рет ұрғанын анықтады.
Айыпталушы Жанбота Шәкіров марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, “өз еркімен прокурорларға барып, болған жағдайды баяндағанын” айтты. Алайда, сарбаздың өліміне өз кінәсін мойындамай, “қатыгездік танытпадым” деп мәлімдеді.
Сот офицерге жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сот оны әскери шенінен айыру туралы шешім шығарды.