Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде сәуір айынан бастап электр энергиясы 15%-ке қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов айтты.
«Қазақстанда электр энергиясын өндіретін 45 компанияның 37-сі шекті тарифті 36%-ке дейін өсіруді сұраған. Жарты жылдан астам уақыт аралығында барлық өтініштер қаралды. Арнайы есебі жүргізілді. Нәтижесінде, сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифі 15%-ке қымбаттайды деп болжануда», - деді Рахымов.
Оның айтуынша, бағаның көтерілуі компания шығындары мен салық сомасынын артқанына байланысты.