Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Семей тұрғындарының атына 19 млн теңгеге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Жаңалықтар

Семей тұрғындарының атына 19 млн теңгеге несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

04.06.2020
1 мин
0
1244

Семейде өзін ломбард қызметкері ретінде таныстырған әйел қала тұрғындарының атына онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары ірі көлемде алаяқтық жасаған 28 жастағы әйел адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

«Бұрын сотты болған ол түзелгеннің орнына қайтадан қылмыс жасаған. Тергеушілердің анықтауынша, өзін автоломбард қызметкері ретінде таныстырған әйел кепілдікке қойылған мүлікті төмен бағада сататындығын айтқан. Жәбірленушілердің сеніміне кіріп құжаттарының көшірмелерін алғаннан кейін олардың атынан онлайн несие рәсімдеген. Осылайша алаяқ 12 адамды 19 миллион теңгеге жуық шығынға батырды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар Өскемен қаласында 18 адамды тұзаққа түсіріп, 9 млн теңгеден астам пайда көрген 41 жастағы ер адам ұсталды. Ол тұрғындарға әлеуметтік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесетіндігін айтып, алдаған.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл