Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сенат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша беріледі
Жаңалықтар

Сенат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша беріледі

27.06.2020
1 мин
0
886

Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттығына кандидаттардың бюджет есебінен және өз ақшасынан өтелетін шығыстарын бекітті.

Комиссия хатшысы Сәбиля Мұстафинаның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларын таныстыру үшін кандидаттарға тең қаражат бөлінеді. Атап айтқанда, ол ақшаға теледидарда (15 минут), радиода (10 минут), мерзімді басылымдарда немесе желілік басылымдарда (0,1 баспа табақтан аспайтын 2 мақала) сөз сөйлеп, бағдарламаны таныстыруға болады.

Сондай-ақ, республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың сайлауалды іс-шараларын өткізуге, үгіт-насихат материалдарын шығаруға және көлікпен жүруге кететін шығыстар белгілеген мөлшерде өтеледі.

"Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен парламент сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарын 450 000 теңге көлемінде белгіледі", - деді Мұстафина бүгінгі отырыста.

Шығыстардың көлемі:

  • теледидар мен радиодан сөз сөйлеуге, сондай-ақ, мерзімді басылымдарда 2 мақала жариялауға  - 300 000 теңге;
  • сайлауалды көпшілік іс-шараларын өткізуге және үгіт-насихат материалдарын шығаруға  - 70 000 теңге;
  • көлік шығындары  - 80 000 теңге.

Ал кандидаттың сайлау қоры 8 500 000 теңгеден аспауы шарт. Қазақстан азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары 21 250 000 теңге көлемінде бекітілді.

"Белгіленген мөлшерден тыс түскен ақшалай қаражат сайлау қорына есептелуге жатпайды және оларды енгізген азаматтар мен ұйымдарға қайтарылады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгізген азаматтар мен ұйымдардың есебінен жабылады. Жасырын қайырмалдықтар республикалық бюджет кірісіне айналады. Сайлау қорларына тек заңды жолмен алынған қаражат қана жіберілуі тиіс", - деп атап көрсетті Мұстафина.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл