Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында бұрынғы Алғабас, қазіргі Зерделі ықшамауданында қисайған үйлер саны артқан, – деп хабарлайды AstanaTV.
Тұрғын үйдегі пәтердің иесі Дана Рахимованың айтуынша, Зерделідегі 30 үйдің қабырғалары қисайып, есік-терезелері жабылмайды.
Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев: «Бізде 24 үй қалған, сол 24 үйдің біреуі 197-ші үй, оны жасадық. Қалып тұрған 23 үй. Енді ол үйлерге «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өзінің тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тағы да 6 үй бойынша бізге қорытындыларын берді. Жұмыстарымызды осы жылдың аяғына дейін жалғастырамыз. Биылға бітпеген үйлерді келесі жылы да бұл жұмыс әрі қарай жалғасады», – дейді.
Қала билігі бұл жайттан хабардар. Олар мәселені кезең-кезеңмен реттеп келе жатқандарын айтты. Десек те, 5 жыл уақыт аралығында 7 үйдің іргетасы бекітілген. Қалған 23 көпқабатты үй, алдағы уақыттың еншісінде деп отыр. Десе де, тұрғындар үйдің іргетасы бекітілгенмен, оның сапалы болатынына сенім білдірмейтінігін айтады.