Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жас отбасылар жаңа бағдарламамен баспаналы бола алады
Жаңалықтар

Жас отбасылар жаңа бағдарламамен баспаналы бола алады

01.07.2020
1 мин
1
2166

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 1 шілдеден бастап «Өз үйім - бақыт мекенім» атты ұранмен жаңадан отбасын құрған жанұяларға арнап «Жас отбасы» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.


Жаңа бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды, яғни, «Нұрлы жер» бағдарламасы ұсынатын мөлшерлемеден 1%-ға ғана жоғары. Бұл тек алғашқы екі жылдағы мөлшерлеме көлемі, ал одан кейін ол 5%-ға дейін төмендейді.


Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде «Жас отбасы» депозитін ашып, болашақ пәтерлерінің 50%-ын жинауы және де бағалау көрсеткішінің «5-ші» деңгейіне жетуі керек. Депозитті ашар кезде, олардың некеге тұрған мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс (некеге тұру туралы куәлікке сәйкес).


Қаражатты жинақтау кезінде оған жылдық 2% көлемінде банк сыйақысы мен 20% мөлшерінде жылсайынғы мемлекет сыйлықақысы (200 АЕК-тен аспайтын сомаға есептелінеді) түседі. Ерлі-зайыптылар депозитті әрқайсысы өз атына ашып, кейіннен шоттарды «Отбасылық пакетке» біріктіру арқылы екі есе көп мемлекет сыйлықақысын алуларына да болады.


«Жас отбасы» бағдарламасының тағы бір артықшылығы – оған қатысу барысында ерлі-зайыптылардың жас мөлшері мен отбасындағы балалар санына назар аударылмайды. Бағдарлама шарттарына сәйкес, жас отбасылар пәтерді жаңа және қолданыстағы үйлерден ала алады. Немесе жер телімін сатып алып, үй салуларына да болады. Оларға заем 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жанат 03.07.2020
Бұл бағдарламамен үй алу үшін міндетті түрде жұмыс жасаған болуымыз керекпа?Күйеуім де,менде жұмыс жасамаймыз?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл