Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазгидромет 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, дегенмен шаңды дауыл соғады. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні - секундына 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні - секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.
Ақтауда көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 9-14 метр, түнде екпіні - секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 11-13 градус жылы.
Ақтөбеде бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 5-7 градус жылы.
Атырауда көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Солтүстіктен соғатын жел екпіні - секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 9-11 градус жылы.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 7-12 метр, күндіз екпіні - секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 23-25 градус жылы.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - түнде 3-8 метр, күндіз екпіні - секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 21-23 градус жылы.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні - 9-14 метр, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 21-23 градус жылы.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 9-14 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 22-24 градус жылы.
Қостанайда бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр, кейде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысады, екпіні - секундына 15-20 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 12-14 градус жылы.
Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 32-34 градус жылы.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні - секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы.
Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні - 15-20 метр, түнде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 16-18 градус жылы.
Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні түнде 3-8, күндіз екпіні секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 23-25 градус жылы.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 5-10 метр, күндіз екпіні секундына 14 метр болады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 25-27 градус жылы.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні - секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 25-27 градус жылы.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні - секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.
Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні - секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 1-3 градус, күндіз 10-12 градус жылы.
Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 1-6 метрге, күндіз екпіні секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 22-24 градус жылы.