| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мал ұрлығымен айналысқан 107 қылмыстық топ мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жыл басынан бері полиция мал ұрлығына қатысы бар 460-қа жуық адамды ұстады. Олардың ішінде 107 қылмыстық топтың мүшелері бар. Заңды иелеріне үш мыңнан астам мал қайтарылды.
Мал ұрлығы ауыл тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Себебі көптеген отбасы үшін мал шаруашылығы негізгі табыс көзі. Сондықтан мал ұрлығымен айналысатын қылмыстық топтарды анықтауға және олардың жолын кесуге ерекше назар аударылуда.
Тамыз айында Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жылқы және ірі қара мал ұрлығына қатысты бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен екі адамды ұстады. Олардың тоғыз қылмыс эпизодына қатысы бары анықталды. 15-тен астам мал басы ұрланған.
Күдіктілер жайылымда жүрген малды ұрлап, оны шалғай елді мекенге айдап апарып, сонда сойған. Ал етті кейіннен сату мақсатында Ақтөбе облысына жеткізіп отырған. Күдіктілер қамауға алынды.
Полиция ауыл тұрғындарына малды қараусыз қалдырмауды, бақыланатын жайылым ұйымдастыруды, GPS-трекерлерді пайдалануды, сондай-ақ малды уақтылы таңбалау, чиптеу және есепке алуды ұсынады.
Мұндай шаралар ұрлық тәуекелін азайтуға, ал қылмыс жасалған жағдайда ұрланған малды іздеп табуға мүмкіндік береді.
Полиция мал ұрлығының алдын алу және ашу, азаматтардың мүлкін қорғау, сондай-ақ кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.