464.02
536.18
5.54
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министрлік Алматы өңіріндегі электр қуатының өшуіне байланысты түсініктеме берді
Жаңалықтар

Министрлік Алматы өңіріндегі электр қуатының өшуіне байланысты түсініктеме берді

14.08.2026
мин
0
157

Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар ауданында болған электр энергиясының үзілуіне Орталық Азия энергожүйесіндегі қуат ағынының күрт өзгеруі себеп болған. Энергетика министрлігі жағдай бақылауда екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

14 тамызда Алматы қаласы мен Алматы облысының бірнеше ауданында электр энергиясы уақытша өшіп қалды. Оқиға қоғамда қызу талқыланғаннан кейін Энергетика министрлігі ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, Орталық Азия энергожүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруі Қазақстанның біртұтас энергожүйесінде қуаттың кенет ауытқуына әкелген.

- 2026 жылғы 14 тамызда Орталық Азия энергожүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруінен энергожүйеде қуаттың кенет артуы болды. Соның салдарынан апатқа қарсы автоматика іске қосылып, Қазақстанның кейбір өңірлерінде бірқатар тұтынушы электр энергиясынан ажыратылды, – деп хабарлады министрлік.

Қазіргі уақытта жүйелік оператор «KEGOC» АҚ электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Министрлік мәліметінше, бірқатар өңірде электр қуаты қайта берілген.

Энергетика министрлігі «Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы қосымша ақпарат кейінірек беріледі» деп мәлімдеді.

Бұған дейін Алматы қаласы мен Алматы облысында 500 кВ кернеулі Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апаттық жағдайда ажырағаны хабарланған болатын. Соның салдарынан 300 МВт көлеміндегі электр жүктемесі ажыратылған.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ дерегіне сәйкес, жарықтың өшуі 14 тамыз күні сағат 14:38-де тіркелген.

Компанияның мәліметінше, аталған жоғары кернеулі желілердің ажырауы нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушылардың бір бөлігі уақытша электр энергиясынан ажыратылған.

Алматы облысында Жамбыл, Балқаш, Есік, Қарасай, Шелек, Райымбек, Ұйғыр, Іле, Кеген және Талғар аудандарының тұрғындары жарықсыз қалды.

Ал Алматы қаласында электр энергиясының үзілуі Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарын қамтыды.

Қазір «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары тұтынушыларды қайта электрмен жабдықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Әзірге үш электр беру желісінің нақты қандай себеппен апаттық жағдайда ажырағаны ресми түрде нақтыланған жоқ. Ведомстволар электр энергиясын толық қалпына келтіру және оқиғаның техникалық себептерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл