Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
21 108 теңге: Ұлттық банк жаңажылдық дастарқанға жеткілікті қаражатты атады
Жаңалықтар

21 108 теңге: Ұлттық банк жаңажылдық дастарқанға жеткілікті қаражатты атады

26.12.2020
1 мин
24
1985

Ұлттық банк сарапшылары жаңажылдық дастарханаға кететін қаржыны есептеп шығарды. Олардың мәліметінше, мерекелік дастархан жаю үшін 21 108 теңге жеткілікті деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұлттық банк мамандары төрт адамға 21 108 теңгеге жаңажылдық дастарқан жаюға болады деп отыр. Ал осынша қаржыға есептелген ас мәзіріне ет, жеміс, көкөніс, тіпті қазы-қартасы мен сусында кірген.   Бұл тізімді көріп, Тараз тұрғыны Мөлдір Нұрланқызы 21 мың теңгесін алып, бірден базарға тартқан. Келіншек азық-түлік бағасы арзандап қалды ма деп ойлапты.     

"Етті қаншадан есептеп отыр екен? Маған сол қызық. Әрине, күлкілі жағдай. Өздері осындай сомаға дастарқан жая ала ма? Ол сомаға Жамбылдың жерінде, арзан дейміз ғой, мұнда ештеңеге жеткізе алмайсың", - деді Мөлдір Нұрланқызы.

Базардағы баға расымен де өзгерген. Ақтөбе тұрғыны Әлия Нұрмағанбетованың айтуынша, жаңа жыл алдында азық-түліктің құны біршама шарықтаған. Әсіресе мерекелік дастарқанның сәнін ашатын жеміс-жидек пен тәтті сусындар едәуір қымбаттаған.   

"Барлық азық-түлік қымбаттады. Ет аласың, жақсы еттің келісі 2000-2500 теңге аралығында. Қазы аласың, қарта аласың. Күні кеше тапсырыспен алдырған жеміс-жидек бағасы, жүзімді алсақ, келісі – 890 теңге", - дейді Әлия Нұрмағамбетова.

Ал қарағандылықтар жылқы еті айына тек бір рет жеуге болатын нағыз жеңсік асқа айналғанын айтады. Себебі, бір келісі 2600 теңге деп тұр. Ал қазы үш мыңнан асады. Ұлттық банк айтқан кәмпиттер мұнда 1950 теңгеден сатылып жатыр екен. Вафлидің өзі еттің бағасына жетейін деп тұр. Бір қорабы 1200 теңге. Апельсин – 900, ал мандарин сиыр етінің бағасымен бірдей – 1500 теңге.

Алматыдағы азық-түлік дүкендері жаңа жыл алдында жаппай жеңілдік жасаған. Бірақ соның өзіне қарамастан, себетін аузы-мұрнынан толтырып алып жатқан жұрт жоқ.

Оңтүстік астанада жаңажылдық басты жеміс – мандариннің келісі – 1000, жылқы етінің жарты келісі 2300 теңгеге шыққан.

Телеарнаның есептуінше, нәтижесінде 21 мың теңге азық-түліктің жартысына да жетпеген. Бір данадан алғанның өзінде қазы, ет, мандарин, банан, коньяк, шампан, тағы басқасы 21 108 теңгеден асып кеткен.

Ұлттық банк бұл ақшаға тағы салат пен көкөніс, бауырсақ пен тәтті бәліш сатып алуға болады деген. Банкирлердің бұл бағаны қайдан алғаны белгісіз.  

Дереккөз: КТК телеарнасы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
24 Пікір
И
Индия 27.12.2020
Кудайга насип тауыспаныз жетеди канаагат керек базарга 1000000 тенге апарсанда жетпейди Адам баласына канагат керек кудай насип тауыстпасын тангы насип танирден
Жауап беру
И
Индия 27.12.2020
Коп рахмет
Жауап беру
Ж
Жазира 26.12.2020
21108т кімге жетеді екен осыны айткан адамның өзі жеткізе алама екен или бір адамға жетема ал үйінде көп кісілер тұрса жетпейліғой есептегенде жөндеп есептеу кереккой пісте май казір 5л 3000т барлық зат кымбат ойланып есептеңіздерші халықтың кулкісін келтірмей
Жауап беру
И
Ислам 26.12.2020
4 адамның әр қайсысына 21000 берсе 84000 жетеді
Жауап беру
В
Венера 26.12.2020
Осыны есептеп шыгаргандар дым акылдыма
Жауап беру
А
Аида 26.12.2020
Есептен қате кеткен. Әлде халықты мазақ қылып отыр ма түсініксіз
Жауап беру
А
Ақманат 26.12.2020
21мыңға дымда түспейді баға деген ұшып тұр
Жауап беру
У
Улжан Байтерекова 26.12.2020
Ұлттық банктегі сол айтқан адамның өзі осылай базарлық жасайтын шығар.Бұл айтылған сөздің астары қарапайым халықты ойламайды басын ауыртпайды деген сөз.
Жауап беру
И
Инди 26.12.2020
Айтқан адамның обеді шығар. Олар қарапайым халықты ойламайды.
Жауап беру
С
Самал 26.12.2020
Кай бетымды шымшиын,шыркын Аллах жазаларын берсе екен,,шын тыледым ,Аллах сол котыр ,шолак билыкте отырган,халыктын каскенемдерын,Аллахым жазасын аямай берсыншы,
Жауап беру
С
Самал 26.12.2020
Сол малгун айтаан адамга зарплатасы миллионнан асып жыгылады ол 100 пайыз,вот сонын зарплатами 40000 тенге кылып,базарга барсын 21мын турмак 40 жеткызермекен хаюан адамнын зыгырданын кайнатып тура астахфиролла
Жауап беру
Б
Бакыт 26.12.2020
Есептегендер есек болған ғой ақылсыз
Жауап беру
Ж
Жансая 26.12.2020
Ұлттық банк кызметкерлері іштері пысқан соң, пранк жасайык халыкка деген шығар,"Мен алдандым" деген.Халык бәрі 21мын тглерін алп базарга жугіріп барса,оган ештеңе туспейді,сосын қайтады,"Мен алдандым" деп)))м
Жауап беру
А
Аида 26.12.2020
Банкте отырғандарда депутаттар сияқты қуатын болған болған екен.Қайтсін енді ауыздары бір сынықтан басқаның бәрі жұқпалы ғой.
Жауап беру
З
Зин 26.12.2020
100 мыңнан аямай берсе екен
Жауап беру
А
Асел 26.12.2020
Дымда жетпидигой Ол акша
Жауап беру
П
Перизат 26.12.2020
Айына өкімет 42500 берсе, оның 21108 теңгесін жаңа жылға жаратса қалған 30 күнді қалай өмір сүреді төрт адам
Жауап беру
С
Сандугаш 26.12.2020
Ия 21мынга оздери дымдыда ала алмайды,Мандариннин кг 1500тг,карапайым жумыртканын озинда кымбат 1шт 47тг,кант,унды айтпаганда.жана жылдык столбы кадимги кунделикти жейтин май кантымызды неге багасын карамайды,картон Павлодарда осели емеспа озимизден неге кымбат,
Жауап беру
Д
Дулат 26.12.2020
Аста төк кылып жасау шарт емес.
Жауап беру
Д
Дулат 26.12.2020
4адамга жетедигой төрт адам сонша не жейді
Жауап беру
С
Сауле 26.12.2020
Осы 21 108 тг есептеп шығарып отырғандар өздері осы ақшаны қолдарына ұстатып, базарға жіберсе жеткізе аларма екен? Қара халықтың не ішіп, не жейтініне дейін есептеп қойыпты ғой. Бұл ақшны басымызға тартсақ,аяағымызға да жетпейді ғой. Мазақ па не бұл?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл