Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
8 айда қоршаған ортаны қорғауға 100 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталды
Жаңалықтар

8 айда қоршаған ортаны қорғауға 100 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталды

13.10.2021
1 мин
0
1136

Қазақстанда биыл сегіз айда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция көлемі 100 миллиард теңгеден асты. Оның тең жартысы тек екі аймаққа бөлінген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Finprom.kz хабарлауынша, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестиция қаңтар-тамыз аралығында 107,8 миллиард теңгеге жетті. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16,5%-ке көп. Өткен жылы 92,5 миллиард теңге бағытталған.

Мамандар инвестиция соңғы бес жылдан бері айтарлықтай өсіп жатқанын байқаған.

Ал бұл қаражаттың тең жартысына жуығы Жамбыл (38,8 миллиард теңге) және Ақтөбе (16 миллиард теңге) облыстарына тиесілі.

Сондай-ақ, инвестицияның жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан (11,3 миллиард теңге) мен Атырау облысында (10,9 миллиард теңге) байқалды.

Ал ең аз қаржы Алматы мен Түркістан облысына, әрқайсына 0,5 миллиард теңгеден бөлінген.

Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарына қанша қаржы бөлінгені бойынша ақпарат жоқ.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл