Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда  үй бағасы тағы да өсуі мүмкін
Жаңалықтар

Алматыда үй бағасы тағы да өсуі мүмкін

28.01.2022
1 мин
16
6145

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық аудандағы Абай, әл-Фараби даңғылдары, Жандосов көшесі және Шығыс айналма жолындағы үйлерге 9-қабаттан жоғары құрылсқа тыйым салды. Осы аудандарда міндетті түрде 5-9 қабат аралығындағы үйлер болуы шарт. Сондықтан, шенеуніктер шектеуге қатысты жаңа регламент жасауда. Құрылыс мамандары үйдің қабат саны азаюына байланыстым баспана бағасы әлі де шарықтауы мүмкін екенін айтты.

"Инфрақұрылымдағы тығыздықты азайту және аймақтарды дамыту мен жоспарлау мақсатында әлем елдерінде құрылыс тығыздығы мен қабат санын реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қабат санын шектеу туралы регламент енгізу қаланы тұрғындар үшін етуде маңызды", – деді Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.

Қабат санын шектеу құрылыс компанияларына ғана емес сатып алушыларға да кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар жаңа регламент қалада пәтер бағасының өсуіне және ескі үйлерді бұзу бағдарламасын да тежейтінін айтты.

"2023, 2024 жылға қарай салынатын үйлер көлемі кішірейеді. Жаңа нысандарда салынатын үйлерде қабат жоспарланғаннан аз болады. Бұл жаңа жобалар экономикасына кері әсер етеді. Сәйкесінше үй салу, реновация бойынша бағдарламалар жылдамдығы баяулай түспек", – деді Қазақстан құрылысшылар одағының басқарма өкілі Ералы Сауранбаев.

Урбанистер қабат саны ешқандай зиян келтірмей, құрылыс тығыздығындағы мәселелерді шешуге көмек береді деп отыр.

"Бұл шектеу үйлердің тым биік әрі тығыз болмауына көмектеседі. Дегенмен бұл үшін тек қабат санын шектеп қана қоймай, құрылыс компаниялары шағын үй салуға мүмкіндік жасау үшін құрылыс нормаларын өзгерту мәселесін де көтеру керек", – деді Urban Forum Kazakhstan сарапшысы Диас Маратұы.

 

Қазір қаланың Абай көшесінен жоғарғы бөлігінде бос жер телімдері қалмаған. Үкімет мен қоғам белсенділері жаңа регламенттің кемшіл тұстарын талқылауда. Әкімдікте ережені бір ай көлемінде дайындайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар шенеуніктер жаңа шектеудің салынып жатқан көп қабатты үйлерге қатысы жоқ екенін қосып өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
16 Пікір
К
Кулзайра 29.01.2022
Не сумдык сорлы казак кашан нормальный омир суреди?уй
Жауап беру
Э
Эльмира 29.01.2022
Неге халыкты кинайды уже киналып кеттим озимде улымда мугедекпиз далада калдым уже патер акшасында толей алмай жатырмын бирак жолы калды осылай жатып олип кету гана
Жауап беру
Т
Толкынай 29.01.2022
Арзандау керек биз калаи кун коремиз. Оны коргендер тагы квартираларын кымбаттатады. Квшан уйли боламыз. Неге аилыгымызды 300-400гып берсин ондайы бар. Не сумдык карапайым халыкты неге оиламаиды. Уйсиз олемизгои мына туримизбен
Жауап беру
Б
Бану 28.01.2022
Үйдің көлемі кішірейеді дейма, тағы қымбаттайды жаңа қазақстан болады дегенде бәрі арзандай ма десем барлығы да қымбаттап жатыр тек газ бен бензин ғана арзандаған шығар
Жауап беру
М
Молдир 28.01.2022
басты мәселесі қазақтың үй емеспе неге бақылауға алынбайды? Тек қымбаттау, енді аламыз дегенде өсіп кетеді я оңған программалары жоқ
Жауап беру
А
Айко 28.01.2022
Не сұмдық. Кайда барады шарыктап. Енді колжеткиземиз ба десек ай сайын емес апта сайын кымбат барады гой
Жауап беру
А
Айка 28.01.2022
Бағасын түсірудің орнына көтеріледі дегені несі!!!! Халықты әбден шаршаттыңдар, и так квартира бағасы шарықтап тұр!!!
Жауап беру
Г
Гуля 28.01.2022
Бұлай қымбаттай берсе,шетелге көшу көбейеді
Жауап беру
А
Айгуль 28.01.2022
Сұмдықтың сұмдығы!!!! Алматыда тағы үй бағасын көтерсе елдің бәрі Турцияға көшетін шығар, Алматыдан Турцияда үй арзан!!!!!
Жауап беру
Г
Гули 28.01.2022
Не деген сұмдық Алматыда қашан үй бағасы тұрақталады?
Жауап беру
С
Санжар 28.01.2022
Недеген масқара жыл саин ай саин көтеріп
Жауап беру
С
Санжар 28.01.2022
Недеген масқара жыл саин ай саин көтеріп
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл