Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ жекеменшік үйлерге қарулы шабуыл жасаған
Жаңалықтар

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ жекеменшік үйлерге қарулы шабуыл жасаған

20.01.2022
1 мин
0
1028

Алматы полициясы жекеменшік үйлерге қарулы шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, топ құрамында Алматы облысының 29 жас пен 36 жас аралығындағы төрт тұрғыны бар. Олардың екеуі - бұрын тонау және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған.

"6 қаңтарға қараған түні жаппай тәртіпсіздіктер кезінде олар жеке күзет ұйымдары қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасап, олардың қызметтік қаруларын тартып алған. Кейін бірнеше жекеменшік үйге қарақшылық шабуыл жасап, оларды автоматпен және басқа да атыс қаруымен қорқытып, жеке мүлк пен екі автокөлікті иемденген. Күдіктілер қамауға алынды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстарды ашуға қаланың Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көмектесті", - дейді Медеу аудандық ПБ бастығы Дәурен Өтебаев.

Сайт мәліметі бойынша, заттай айғақтар, оның ішінде күзетшілерден тартып алынған қарулар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы және ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл