Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Кеше түнде Анкара уақытымен cағат 22:13-те Түркияның Анталья провинциясында магнитудасы 4,8 балдық жер сілкінісі болған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Түркия үкіметінің Табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісі Жерорта теңізінің жағалауға жақын аймағында болған. Оның тереңдігі шамамен 35 шақырымды құрады.
Құрбан болғандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісі курорттық аймақтарда, әсіресе жерасты дүмпулері қатты сезілген жағалаудағы аудандарда жергілікті тұрғындар мен қонақүй қонақтарын алаңдатты. Билік азаматтарды сабыр сақтауға және ресми хабарламаларды бақылап отыруға шақырды.
Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр, құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі ықтимал жер сілкінісі немесе афтершок болған жағдайда жоғары дайындық жұмыстарын жүргізді.