Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада полиция алтын ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу барысында қылмысты алдын ала мұқият жоспарлаған бес адамнан тұратын топ анықталды. Олар ломбардтың қызметкері түскі үзіліске шыққан сәтті пайдаланып, кілтті алып ішке кірген. Нәтижесінде олар жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйым мен кассадан 1,5 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.
Күдіктілер оқиға орнынан қашып, елдің батыс аймағына қарай бет алған. Олар жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұсталды.
Күдіктілердің шетел азаматтары екені белгілі болды. Қазір олар қамауда, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.