Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Аймағамбетов мектептегі 13,5 мың маманның жалақысы қашан көтерілетінін айтты
Жаңалықтар

Аймағамбетов мектептегі 13,5 мың маманның жалақысы қашан көтерілетінін айтты

20.05.2021
1 мин
7
2236

Сенат депутаттары мектеп кітапханаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселесін көтерді.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында сенатор Динар Нөкетаева мектептегі кітапханашылардың жалақысын арттыру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бүгінде мәдениет саласына қарайтын, яғни, жалпы халыққа қызмет көрсететін кітапхана қызметкерлерінің жалақысы 30-50 проценті көтерілді. Бірақ мектептегі кітапханашылардың еңбекақысы сол күйінде қалды. Ал жас ұрпақты тәрбиелеу мен ұлттық құндылықтарды сақтау тұрғысында осы мамандардың атқаратын рөлі зор. Осы орайда депутат білім және ғылым министрінен білім ұйымдарындағы кітапханашылардың жалақысы басқа кітапханашылармен қашан теңесетінін сұрады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде мектеп кітапханаларында 13,5 мың адам жұмыс істейді. Олардың барлығы білім қызметкерлері болып саналады. Сол себепті мәдениет саласындағы кітапханашылардың жалақысын арттыру шараларына ілікпей қалды.

"Білім саласында қызмет ететін 13,5 мың кітапханашының жалақысы мәдениет саласындағы әріптестерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ал жұмыс мазмұны бірдей және өзіңіз білесіздер, әсіресе, шалғайдағы елді мекендерде жалғыз кітапхана ғана жұмыс істейді, ол оқушыларды ғана емес, барлық тұрғынды кітаппен қамтамасыз етеді", - дейді Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған білім және ғылым министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ, қаржы министрлігінің мамандары кіреді.

"Олар жұмысты бастап кетті. Біз тиісті есепті дайындадық. Болашақта көп күттірмей, осы мәселе шешіледі деп үміттенеміз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Ал сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев күзде бюджетті қарау кезінде мектептегі кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселесін енгізуді ұсынды.

"Әлихан Асханұлы (қаржы министрі), ондай өзекті мәселе бар. Президенттің тапсырмасына сәйкес, ұстаздардың жалақысы өте жақсы өсті. Мәдениет саласындағы кітапханашылардың жалақысы да өсіп жатыр. Бірақ мектепте істейтін кітапхана қызметкерлері еңбекақысының өспеуі, әрине, біраз сұрақтарды тудырып жатқаны жасырын емес. Сондықтан күзде алдағы үш жылдың бюджетін қараған кезде соған дейін осы соманы пысықтап, қарап, соны бәріміз бірге бюджетке кіргізу жағын қарастыруымыз қажет", - деді Әшімбаев.

Дереккөз: Sputnik.kz

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
7 Пікір
А
Асель 31.05.2021
Неше жыл болды айтады да қояды, алатынымыз 84мың
Жауап беру
Г
Гулим 21.05.2021
Еден жуушылардын айлыгы котерилмей ма?60мын айлыкпен казирги кымбатшылыкпен кун корис киындап бара жатыр
Жауап беру
А
Асел 21.05.2021
Мектептің іс жүргізушісінің айлығы неге аз қазаннан кеше дейін жұмысы жауапкершілігі көп неге байлықтарын көтермейді алатынымыз 65000 айлық
Жауап беру
Ш
Шара 21.05.2021
Мектептегі лаборант хатшы және тбасқалардың жалақысы қашан көтеріледі. Ең төменгі жалақы алады.
Жауап беру
А
Айка 20.05.2021
Еден жуушылардың жалақысын көтеріңіздер
Жауап беру
Г
Гульзат 20.05.2021
Неге кіші қызметкерлердің еңбек ақысы көтермейді. Обал азаннан кешке дейін жұмыс жасайды. Алатыны 50 мың
Жауап беру
А
Айзат 20.05.2021
Бала бакша тарбиешилеринин айлыгы неге котерилмейди.коп жылгы стаж,категориямызбен алатынымыз 100мын тенгегана
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл