Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талғардағы Шерзат Болат қазасы: Бас прокуратура марқұмның әкесіне қатысты іс қозғалмағанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Болат қазасына қатысты қозғалған істі тергеу барысы жөнінде пікір білдірді.
Талғар ауданындағы кісі өлтіру оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары тұрақты бақылауда. Күдіктілер ұсталып, бірнеше айып тағылғанын білесіздер. 15 қазанда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары және Алматы облысы прокурорының төрағалық етуімен брифинг өтті. Тергеу барысы айтылды.
Бір айтарым, әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс жоқ. Өрт қоюға қатысты іс те тергеліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Жұмыс жүріп жатыр, - деді бас прокурордың орынбасары.