Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Салтанат Нүкенованың қаза болуына байланысты қозғалған іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов жазасын жеңілдету туралы өтінішпен сотқа жүгінген, - деп хабарлайды Dauletten.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев егер рақымшылық туралы заң қабылданса, оның қорғауындағы азаматтың жаза мерзімі үштен бірге, яғни шамамен сегіз айға қысқаруы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі Байжановтың шынымен де жаза мерзімін қысқарту туралы өтініш бергенін растады.
- 9 шілдеде Бақытжан Байжанов Степногор аудандық сотына рақымшылық туралы заңға сәйкес жазасын қысқарту туралы өтініш түсірді. Қазіргі уақытта өтінішті қарау мерзімі әлі белгіленген жоқ, – делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс аясында Бақытжан Байжанов ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтеп жатыр.