Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Степногорск қалалық соты Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты істі қарау нәтижесінде сотталған Бақытжан Байжановтың рақымшылық туралы өтінішін қарап, оны қанағаттандырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Степногорск сотында “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Заң негізінде ҚАЖ мекемесі ұсынған жазаны қысқарту туралы өтініш қаралды.
Сот деректеріне сәйкес, 2024 жылдың 13 мамырында ер адам Қылмыстық кодекстің 432-бабына сай Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Өтініш келесі себептерге байланысты мақұлданды:
Соттың шешімімен жазаның өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылып, түпкілікті өтеу мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн деп белгіленді.
Аталған қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.