Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Министр елімізде су тасқыны болу қаупі бар 5 аймақты атады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Мәжілісте су тасқынына ұшырауы мүмкін аймақтардың ТОП-5 тізімін жариялады.
– Ең бірінші кезекте Батыс Қазақстан облысы (186 елдімекен), Қарағанды облысы (150 елдімекен), Ақмола облысы (144 елдімекен), Солтүстік Қазақстан облысы (116 елдімекен), Шығыс Қазақстан облысы (72 елдімекен). Бұл статистиканы мамандар береді. Кейбір депутаттар осы өңірдің барлығын су басады деп шошып жатыр екен. Олай болмайды. Белгілі бір жұмыс жүргіземіз. Кейбір өңірден ол қауіптер жойылды, – деді министр.