Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер кредит төлеу мерзімін шегере алады
Жаңалықтар

Бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер кредит төлеу мерзімін шегере алады

15.01.2022
1 мин
0
885

Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері қарыз алушымен келісу бойынша кредиттік ұйым айқындаған кезеңге несие төлемін кейінге шегере алады. Ол үшін 31 қаңтарға дейін өтініш беруі керек, деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылы 5 қаңтарда төтенше жағдай енгізілуі салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарызы бойынша төлемдерді кейінге шегеру тәртібін әзірлеп, бұйрықпен бекітті. Бұл тәртіп екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына, соның ішінде ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерге де қолданылады.

"Банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлердің өтінімін қарау кезінде олардың қаржы жағдайының нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын фактілерге назар аударады", - делінген хабарламада.

Шешім кәсіпкер пайдасына шешілген жағдайда, шегеру мерзіміне сәйкес несие төлеудің жаңа кестесі құрылады, оған мыналар кіреді:

  • өсімпұл мен айыппұл есептемей, кредит және пайыздар бойынша негізгі борышты толық көлемде төлеу;
  • кейінге шегеру мерзіміне тең немесе мерзімін сақтай отырып, бірақ ай сайынғы төлемді қайта есептеу және ұлғайта отырып, несие мерзімін ұлғайту не қарыз шартында немесе қарыз алушының өтінішінде көрсетілген өзге өтеу тәсілі;
  • оң несие тарихын сақтау;
  • төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі берілгені үшін комиссияның болмауы.

Кредит төлемін кейінге шегергісі келетін кәсіпкерлер қызмет көрсететін банкке немесе микроқаржы ұйымына 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін өтінім бере алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл