Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бизнесті дамытуға 1,2 млн теңге мемлекеттік грант беріледі – шарттары
Бизнесті қолдау

Бизнесті дамытуға 1,2 млн теңге мемлекеттік грант беріледі – шарттары

28.07.2022
1 мин
17
5530

Business.enbek.kz порталында 8 тамыздан бастап бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Гранттың мөлшері – 400 АЕК, яғни 1 225 200 теңге. Әр қатысушыға тек бір рет қана беріледі.

"Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастауға және дамытуға өтеусіз берілетін бастапқы капитал. Грант ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді еңбек министрлігі.

Грант алу үшін бірқатар шартты сақтау қажет.

Мемлекеттік грантқа кім үміткер бола алады:

тіркелген жұмыссыздар;

жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін);

бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

Бұл ретте үміткер мына әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қандастар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • тұрмысы төмен отбасы мүшелері;көпбалалы отбасы 
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы/зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар;
  • жастар.

"Үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуға тиіс. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін грант берудің бүкіл процесі электронды форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдер бірыңғай терезе – "Business.enbek.kz" порталы арқылы қабылданады", - деп түсіндірді ведомство.

Грант ақшасын қажетті құрал-сайман, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, мал, құс, көшеттер, бұталар мен тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге жұмсауға болады.

Грант тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

"Халықты жұмыспен қамту орталықтары грантты үміткерлердің өтініштерін қарайтын аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру", - дейді министрліктегілер.

Комиссияның шешімі үміткердің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

1,2 млн теңге грант алуға өтінімді қалай беруге болады:

  • business.enbek.kz порталында тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігін тексеру;
  • бизнес-жоспар үлгісін жүктеп, оны толтыру және порталға енгізу;
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
17 Пікір
А
Айбек 06.09.2023
Бизнес
Жауап беру
B
BANK 29.09.2022
500.000₸ --------150.000.000₸ Сәлеметсіз бе, ханым мен мырза, мен АҚШ банкінің жеке қызметкерімін. Біз 2% ақшалай несие ұсынамыз, егер сізді қызықтыратын болса, менің whatsapp нөмірімді тексеріңіз. +44 330 818 6956
Жауап беру
B
Bank 29.09.2022
сәлем ханым мырза, біз дүниежүзілік банктенміз және бізде қызығушылық танытатын кез келген адамға және бүкіл әлем бойынша жылына 2% пайызбен деректерді беруге рұқсатымыз бар, қосымша ақпарат алу үшін біздің whatsapp сілтемелерімізді қараңыз. 500.000 /900.000/25.000.000 теңге, рубль, сом, юань, $, € +22956220497
Жауап беру
Ф
Фарида 18.09.2022
Тараз қаласында 1паток қашан беріледі
Жауап беру
Ф
Фарида 18.09.2022
Тараз қаласында 1паток қашан беріледі
Жауап беру
Ж
Жадыра 29.07.2022
Канша пайызбен қайтарылады
Жауап беру
А
Ақмарал 29.07.2022
Бұл грант қайтарыммен бе, әлде қайтарымсыз ба?
Жауап беру
з
зоя 29.07.2022
Бастау Бизнесті қайдан оқуға болады
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 28.07.2022
Мүгедектігі бар баланың қараушысымын, әрі көпбалалы анамын. Өз кәсібімді ашқым келеді. Жасым 34 те . Бастау бизнес оқымағанмын. Бірінші рет грантқа қатысып, үміткер болсам деп үміттеніп отырмын.
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 28.07.2022
Бастау бизнес оқымағанмын.Бұл грантқа қатыса аламынба. Өз бизнесімді бастағым келеді.
Жауап беру
Д
Дина 28.07.2022
Жастар болады, 30 аскан адамдарга неге болмайды, оларда бир іс ашкысы келеди, мен келиспеймин, тек жастар дегенге
Жауап беру
А
Айдана 28.07.2022
Бастау бизнес оқығам енді еңбек бизнес оқып бизнесімді қолға алғым келеді.
Жауап беру
Ж
Жаксыбике 28.07.2022
бурын 160 мың берді 1машинка алдық ,тағы қатысуға болама
Жауап беру
Б
Бану 28.07.2022
Копбалалыларга алыуга боладыма кандай кужаттаркерек
Жауап беру
Д
Дана 28.07.2022
Массаж орталык ашу ушин алуга боладыма
Жауап беру
А
Айсулу 28.07.2022
Көп балалы аналар сертификатсыз грантқа ие болады деп естігем ешқандай оқу оқымайды сол распа.Сонда қандай кәсіп ашу керек
Жауап беру
Д
Дилфуза 28.07.2022
Менде алгым келеді 2020 жылы атамекенде бизнес план окыдым
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл