Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екі жыл ішінде 638 млрд. теңгеге кәсіпкер әйелдердің 17 мыңға жуық жобасы субсидияланды
Жаңалықтар

Екі жыл ішінде 638 млрд. теңгеге кәсіпкер әйелдердің 17 мыңға жуық жобасы субсидияланды

20.11.2023
1 мин
0
762
Фото: Экономика министрлігі

Астанада Қазақстан ауыл әйелдерінің VI республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шара еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам кәсіпкер әйелдердің басын біріктірді.

Өз сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков атап өткендей, бүгінде мемлекет бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында ауқымды мемлекеттік қолдау шараларын қабылдап жатыр. Кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін қаржылық және қаржылық емес шаралар ұсынылады.

"2022 жылдың және биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша кәсіпкер әйелдердің 638 млрд. теңгеге 17 мыңға жуық жобасы субсидияланды, 114 млрд.теңгеге 13 мыңға жуық жоба кепілдендірілді. Осы кезеңде 147 мың кеңес берілді", - деді ол.

Сондай-ақ, елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 20 орталық жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 7 мыңнан астам кеңестер беріліп, түрлі қызметтер көрсетілген.

Өңірлерде "Бір ауыл - бір өнім" жобасы табысты іске асырылуда. Оның мақсаты – жергілікті қоғамдастықтың әлеуетін дамыту әрі нығайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру. Қазіргі таңда жоба нарықтық әлеуеті бар өңірлердегі ең перспективалы тауарларды анықтауға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Жалпы, "таза парақтан" реттеу саясаты және жаңа Салық Кодексі бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға, әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

"Осылайша, қолданыстағы ынталандыру шараларын сақтай отырып, бизнесті қолдаудың жаңа бағыттарын ұсынамыз", - деп түйіндеді вице-министр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл