Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде баспана бағасын реттеуге қатысты бірқатар шаралар қабылданады
Жаңалықтар

Елімізде баспана бағасын реттеуге қатысты бірқатар шаралар қабылданады

10.06.2021
1 мин
4
1499

Қазақстанда баспана бағасының қымбаттауына байланысты бірқатар шаралар Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында талқыланды.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, биыл қаңтар-мамыр айларында жаңа үйлердің бағасы 8%-ке, ал қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік 13%-ке қымбаттаған.

Құрылыс материалдарына келетін болсақ, қаңтар-сәуірде 16%-ке өскен.

«Елімізде құрылыс саласында бірнеше факторлар бағаның өсіне әсер етті. Сондай-ақ материалдардың қымбаттауына алыпсатарлардың әсері басым. Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсау бойынша 1,4 трн теңге бөлінді. Бұл баспанаға сұраныс артып, бағаға әсер етті», - деді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының тұрғын үй бағасының өсуіне жол бермеу туралы тапсырмасын атқару барысында 14 құрылыс компаниясына бағаны түсіру жайлы хабарлама жіберілді.

Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Қостанай қалаларында құрылысышылар осы тапсырманы орындап, бағаны орта есеппен 15-20%-ке төмендеткен.

Бірақ монополияға қарсы органның ақпарат талап ету жөніндегі заңды іс-қимылдарына барынша қарсылық көрсеткен ірі құрылыс ұйымдары да болған.

"Бұл – BAZIS-А, Bi Group, RAMS Qazaqstan. Олар бас тартты және толық емес ақпарат берді. Сондай-ақ соттағы әрекеттерімізге шағым жасады. Ақпаратты ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы 21 хаттама жасалды, ал соттар салған айыппұлдардың жалпы сомасы 9,6 млн теңгеден асты", - деді ол.

Асқар Мамин баспана бағасы мен құрылыс материалдарының бағасының өсуін қатаң бақылауда ұстау керек екенін алға тартты.

Сонымен қатар ол офтейк-келісімшарттар да баға тұрақтылығын сақтайтын тиімді ұсыныстардың бірі болмақ. Айтуынша, қазір  үкімет құрылыс компанияларымен баспананы белгіленген бағамен сатып алуға оффтейк-келісімшарттар тетігін енгізіп жатыр. Сондай-ақ. құрылыс материалдарын өндірушілер арасында ұзақмерзімді сатып алу келісімшарттарын жасау мүмкіндігін пысықтау тапсырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Н
Наталья 10.06.2021
Алматы бойынша қазақстрой бағаны өте қатты көтеріп жатыр. Қадағалаңыздар!
Жауап беру
Қ
Қанат 10.06.2021
Тегін болмасада халыққа ыңғайлы бағамен ұсынса жақсы
Жауап беру
А
Асия 10.06.2021
Дұрыс болды тексеру керек ,қазақтар үйді тегін алу керек
Жауап беру
М
Марина 10.06.2021
Тегін заттың кадірі жоқ, оныда аз көреді адамдар .
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл