Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бас қалада азаматтарға тұрғын үйге қатысты мәселелерде бағыт-бағдар беретін орталық ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
Аталмыш орталық Республика даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан.
"Орталықта баспана кезегіне тұру және кезекті тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй сертификатын алу, несиеге/жалға берілетін баспана бойынша және тағы басқа мәселелерге қатысты кеңес алуға болады", - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, орталық күніне 300-ден астам азаматты қабылдайды. Сондай-ақ қала тұрғындары баспанаға қатысты кеңес алу үшін бірнеше мекемеге бармай, бір орталыққа жүгіну арқылы барлық сұраққа жауап ала алады.
Тағы көру