Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада ұзаққа созылған 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады
Жаңалықтар

Елордада ұзаққа созылған 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады

05.08.2021
1 мин
0
571

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында проблемалы «Шығыс» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатыр.

Қаланың ең проблемалы, құрылысы ұзаққа созылған — «Шығыс» тұрғын үй кешені бірнеше топтан тұрады. Үлескерлердің жалпы саны — 2 мыңнан астам отбасы. «Шығыс» тұрғын үй тобы бойынша ауқымды жұмыс атқарылды: үйлердің құрылысы қайта жанданып, техникалық аудит жүргізілді, қаржы бөлінді, блоктардың мердігерлері толықтай анықталды.

Мысалы, 1а және 1в блоктарында қасбеттік жұмыстар жүргізілді, терезелер мен лифтілер орнатылды. Ішкі инженерлік желілерді орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ жылу тораптары мен сорғы станцияларын монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді.

2А және 2В блоктарында үйдің жақтауы көтерілді. Тұрғын үй кешенінің шатыры жөнделді, қазір терезелер мен лифтілерді орнату жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта аталған блоктардың құрылысы аяқталуға жақын, инженерлік желілерді қосу жұмыстары жүргізілуде, «Шығыс» 2а блогында абаттандыру жұмыстары басталды.

Сол сияқты 3А және 3Б блоктарында да осыған ұқсас жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, инженерлік желілерді қосу жұмыстары жүріп жатыр, абаттандыру жұмыстары басталды.

«Шығыс» 4 бойынша (1 кезек) қаңқаны тұрғызу, қалау жұмыстары аяқталды. Қасбет, ішкі инженерлік желілер, терезелер мен витраждарды монтаждау, шатырды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс жұмысын аяқтауды әрі тұрғын үй кешенінің блоктарын пайдалануға беруді биылға жоспарлап отырмыз.

Екі жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бастап) проблемалы нысандар саны 2 еседен астам азайды. Биыл 18 нысанды қамтитын 57 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз – көптен күткен пәтерінің кілтін 7 мыңнан астам үлескер алады. Мысалы, осы жылдың бірінші жартыжылдығында 21 проблемалы үйдің құрылысы аяқталды. Әр нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары жасалды», - деп жазды елорда әкімі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл