Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшылар ағымдағы жылдың соңы мен 2021 жылдың басында тұрғын үй нарығында баға қалай өзгеретінін айтты.
Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтің пікірінше, келесі жылы I-III санаттағы, яғни элит, бизнес, жайлы санатқа жататын баспана бағасы өседі. Ал эконом санатындағы тұрғын үй бағасы 2021 жылдың басында өзгеріссіз қалады.
"Елімізде банктер мен баспана алуға бағытталған бағдарламалар арасында эконом санатындағы үйлер сату-сатып алу бойынша ең белсенді болып табылады. Сондай-ақ, бұл санаттағы тұрғын үйлерге отандық құрылыс материалдары қолданылады. Нәтижесінде баға қымбаттамайды», - дейді Ермек Мүсірепов.
Ал қайталама нарық саласындағы сатушылар доллар бағамын айтып, соманы негізсіз көтереді. Десе де, сатып алу кезінде мұндай пәтерлер бойынша сыйақы мөлшерлемелері төмендегенін ескеріп, бағаны 10-15%-ке түсіруге болады.
Баспанаға қатысты Қазақстан риелторлары біріккен қауымдастығының президенті Лариса Степаненко биыл пандемия халықтың төлем қабілетіне әсер еткенін алға тартады.
Оның айтуынша, қазақстандықтардың барлығы баспана алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана алмайды. Сол себепті халықтың басым көпшілігі қолжетімді бағдарламалар арқылы ипотека рәсімдей алмайды. Нәтижесінде, азаматтар арасында жылжымайтын мүлік алу мүмкіндігі азайды.
Степаненко тұрғын үйді сатып алу-сату көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ке кемігенін айтты. Сондай-ақ, шаршы метрдің бағасы өсті, өйткені құрылыс материалдарының көп бөлігі Қазақстанға шетелден келеді және шетел валютасымен сатып алынады.
"Менің ойымша, 2021 жылы жеке сектор, саяжайлар және 50 шаршы метрге дейінгі пәтерлер белсенді сұраныста болады. Ал бағаға келетін болсақ, сатушылар баспана бағасын қаншаға ұстаса да, жылжымайтын мүліктің бағасы біртіндеп төмендейді", – дейді ол.
Назерке Байжан
Тағы көру