USD
EUR
RUB
Brent мұнайы
WTI мұнайы
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар

Коронавируспен күреске 154 млрд жұмсағандар енді 238 млрд сұрайды

07.11.2020
1 мин
4
375
Коронавируспен күреске 154 млрд жұмсағандар енді 238 млрд сұрайды

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коронавирусқа қанша ақша жұмсалғанын мәлімдеді. Халықтың денсаулығына жауапты ұйымның санағынша инфекциямен күреске 154 миллиард теңге кеткен. Оның көп бөлігі дәрігерлердің жалақы үстіне қосылған үстемақыға, ПТР тесттерге, мобильді бригада жұмыстарына бөлінген, деп хабарлайды Dauletten.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Пандемияның бірінші толқынында елдің денсаулық сақтау саласы абдырап қалғаны белгілі. Сонда қазақстандықтардың көкейінде "миллиардтар қайда кетті" деген сұрақ туындағаны рас. Ақыры жауапты мамандар былай деп жауап қатты.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" ресми мәлімдемесі:

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» коронавируспен күреске 154 миллиард теңге бөлінді. Наурыз бен қыркүйек аралығында 135 миллиардын жұмсадық. Оның 81,3 миллиард теңгесі дәрігерлердің жалақысына қосылған үстемақыға, 24,5 миллиарды - індет өршігенде провизорлық және карантиндік стационарларда жатқандардың еміне, 18,8 миллиард теңге амбулаториялық жағдайда ем-дом алғандарға жұмсалды. Сондай-ақ мобилді бригадаларға 1 миллиард теңге, ПТР тестілеуге - 10,7 миллиард және үйде емделгендердің жағдайын білу үшін қоңырау шалып, бейне кеңес берген дәрігерлерге 9 миллион теңге шығындалды".

154 миллиард теңгенің 135 миллиарды өз орнын тауыпты. Қош дейік. Бірақ әлі 19 миллиард теңге бюджетте қалуы тиіс. Олар қайда?

Забира Оразалиева, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу департаментінің басшысы:

Бәріне де қызықты сұрақ. Бұл қаражат республикалық бюджеттен бөлінген. Сондықтан қанша қаражат қалса да, жұмсалмайды. Ол қаражаттың бәрі соның еншісінде. Ол қажет болған кезде, бюджеттен бөлініп тұрады.

Қош, бірінші толқыннан өткендейміз. Өкінішке қарай, коронавирус пен оның белгілері бар пневмониядан 2 262 көз жұмды. Инфекцияны жұқтыру фактілері соңғы аптада күрт артуда. Сондықтан болар, билік «дәліздерінде» індеттің екінші толқыны жайлы жиі айтылуда. Мысалы, аталмыш қордың басшысы Болат Төкежанов өткен айда инфекцияның екінші кезеңіне дайын болу үшін стационарларда төсек орнын, мобилдік бригадаларды көбейттік, ПТР тесттерінің санын арттырдық деген еді.

Болат Төкежанов, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының" Басқарма төрағасы:

Осы қордың тарапынан біз осы екінші кезеңге дайындық барысында қажетті қаржаттарды көздеп, оның бәрі біздің бюджетте қарастырылған.

Ал, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте коронавирустың келесі толқынымен күрес үшін 238 миллиард сұрады.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

Бірінші карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 миллиард теңгеге қосымша ақы төлеу. Екінші тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 83,2 миллиард теңге. Үшінші ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақылар төлеуге 11,7 миллиард теңге жұмсалады.

Демек, 238 миллиард теңгенің басым бөлігі дәрігерлер жалақысына, сосын карантин күшейсе, тәртіпті бақылайтын полицейлерге төленбек.

4 Пікір
Айнур
Поста куйеуим карантин биткенше неше ай демалыссыз жасады сондагы берген премиясы 100мын болницада санитаркаларга 300 400мын бергенше соларга бермейма казир болницада жумыс жасайтындар карантин болса екен айлык кобейетин деп журго
Жауап беру
Жабу
Ақжанби
Ия поликлиникада жөні түзу дәрі де басқа құралдарда жоқ, халық бар ашуын дәрігерден алады.Бастықтардан сұрасаң қарызбыз үнемдеу керек дейді. Не істерімізді білмеймізда жұмысқа деген қызығушылықта жоқ шет елге оқуға тапсырып кетеміз ау)
Жауап беру
Жабу
Алмат
Мына мемлекет жемкор бейшара етип тусирген Бораттың киносын халыкка көрсету керек ау сырттан калай коринбеди оздерин көргендери дурыс ау намыстарына тимесе де оздери туралы билип журетин еди
Жауап беру
Жабу
Майра
Осы халыкты алдауды кашан кояды мобильді топка мысалы мен через день тусип бар жоғы 2333тг алдым, поликлиникада премья береди деп көшеде формамен журдик одан калса постта турдык 1тиын косылмалы осы цифрлары отирик уже мына мемлекет тек жеуди биледи ,уялмайды 118млрд ка кезинде астананы салған мыналар даже сол акшага поликлиникаларга жаңа курылгы да сатып алмады ғой))) тфу куйсин сол акшаны жегендер желкелеринен шыксын ортаға бейшара даригерлер тығып алып жатыр тоймай жатыр бирак букил каргыс соларға тиеді бермей жаткан солар сиякты бирак олардың кодында е дари жок е жағдай жок кор болып журмиз (((
Жауап беру
Жабу
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл