Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ломбардтағы қарыздың несие немесе ипотека алуға ықпалы туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде түсіндірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомствоның мәліметінше, банк қарыз алушының қаржылық жағдайын толық тексереді, оған басқа несиелер, алименттер, айыппұлдар немесе өзге де қарыздар бойынша міндеттемелері де кіреді.
Сонымен қатар, ломбардтар да берілген микронесиелер туралы деректерді несие бюросына тапсыруға міндетті, бұл ақпарат қарыз алушының несие тарихының бір бөлігіне айналады.
Ломбардтан алынған қарыз несие тарихына және несие немесе ипотека мақұлдану ықтималдығына әсер етуі мүмкін. Ломбард алдындағы қарыздың болуы несие алуға кедергі келтірмесе де, ол қарыз алушының жалпы қарыздық жүктемесін есептеу кезінде ескеріледі.
- Егер қарыз алушы өз төлем қабілетін дәлелдеп, ағымдағы қарызын өтесе және қажетті құжаттарды ұсынса, ипотека немесе басқа несие мақұлдану ықтималдығы айтарлықтай артады. Осылайша, ломбард алдындағы қарыз несие алуға кедергі болып табылмайды. Алайда өтелмеген немесе мерзімі өткен қарыздардың болуы өтінімнің мақұлдану мүмкіндігін төмендетеді, – делінген хабарламада.