Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желілерде Ақтөбе мектептерінде белгісіз біреулер қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Бұған қатысты облыстық полиция департаменті жауап берді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жалған ақпарат хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
«Осы фактор бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз», - делінген хабарламада.