Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Несие бойынша қолдау көрсетіледі – президент Әбілқасымованы қабылдады
Жаңалықтар

Несие бойынша қолдау көрсетіледі – президент Әбілқасымованы қабылдады

09.02.2021
1 мин
135
18348

Биыл несие алған азаматтарды оңалту және сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу тетіктері енгізіледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен қаржы нарығын реттеу төрағасы Мәдина Әбілқасымованың кездесуінде айтылды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы мемлекет басшысына қаржы нарығының былтырғы даму қорытындылары және агенттіктің биылғы жұмысының негізгі басымдықтары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда. 

Президент тапсырмасы бойынша азаматтардың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі реттеу шаралары қабылданды. Соның арқасында тұтынушылық несиенің өсуі азайды. Биыл қарыз алушы жеке тұлғаларды оңалту және несие бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу тетіктері енгізіледі, қарызын қайтармайтын адамдарға қатысты реттеу қызметінің сотқа дейінгі тәртібі күшейтіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша экономиканы кредиттеу 5,5%-ке артып, 14,6 трлн теңгеге жетті. Дағдарысқа қарамастан, шағын және орта бизнеске берілетін несиелер, оның ішінде бизнеске қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламаларын кеңейту арқылы 7,1%-ке, яғни 4,2 трлн теңгеге дейін өсті. Президенттің тапсырмасы бойынша экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнестің барлық несиесін жылына 6%-ке дейін субсидиялау тетігі іске асырылды.

Мәдина Әбілқасымова биылғы 1 қаңтардан бастап барлық микроқаржылық ұйымның, оның ішінде, ломбардтар мен онлайн-кредиттеу компанияларының қызметін лицензиялау енгізілгені туралы хабарлады. Бұл олардың есеп беруін, ашықтығын және жауапкершілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2021 жылдан бастап азаматтарға зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру, ал банктерге брокерлік қызметтердің толық спектрі бойынша қызмет көрсету мүмкіндігі берілді. Бұл өз кезегінде халықтың инвестициялық мүмкіндігін арттырады. Сақтандыру және қор нарығын одан әрі дамыту мақсатында кешенді заң жобасы әзірленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше мән берді. Агенттік төрағасы жекелеген банктердің жұмысын қайта жандандыру жөнінде қабылданған шаралар және AQR нәтижелері бойынша қадағалау жоспарларын іске асыру туралы айтты. 2020 жылы банк жүйесі бойынша борышкерлік деңгей 8,1%-тен 6,8%-ке дейін төмендеді. Тәуекелге бағдарланған қадағалау аясында 2021 жылдан бастап банк секторы активтерінің сапасын бағалау (AQR) және стресс-тесттен өткізу қадағалау процесінің ажырамас бөлігі болады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев агенттікке қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді, қаржы нарығының барлық секторында тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесін енгізуді, қаржылық қызмет көрсету барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ, қор нарығын дамытуды міндеттеді. Мемлекет басшысы дағдарыс салдарын еңсеру үшін экономиканы кредиттеудің маңыздылығына назар аударды.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
135 Пікір
Л
Ляззат 18.01.2022
Кредиттин барин жаппайак процентти алы тастаса талай комек болар еди, биздин банктердин проценти ма кара копкой
Жауап беру
Р
Рита 06.07.2021
5 БАЛАНЫҢ АНАСЫМЫН КРЕДИТТІ АЛЫП УЙ ТҰРҒЫЗЫП ҚОЙДЫҚ. Енді мына пандемияға байланысты жолдасым жақсы жұмысынан қысқартылып қалды. 6 ай жұмыссыз отырды . ТҰРҒЫЗЫП қойған үйіміз де бітпей тұр жағдай қиындап кетті. Алған несиемізді өтеп берсе , микрокредитке де кірдік, ломбардқа бүкіл алтынымызда кетті. Жағдай мәз емес коллектор ларда маза бермей жатыр. Алынған кредиттің пайызы өте көп.
Жауап беру
Д
Динара 17.03.2021
Кредитті төлеп беру деген болмайды халықты жаман үйретеді олай пайызын алып көмектессе болады! Менің басты ойым өкімет халыққа мүлдем кредит бермесе ең үлкен көмегі сол болады өздері береді халық сәл қиналса ала салады ол кедейлікке әкеп соғады 18 ге толған қызда да ұл да да кредит қазір қорқасың әке-шешесіне айтпай алады телефон ақша соны қатал ұстау керек деп ойлаймын.Одан қалса кредит алып үйлендіреді өте дұрыс емес басынан жастың басына балта шапқанмен тең ол.Есепсіз кредит беру тоқтатылсын деген менің мақсатым!
Жауап беру
С
Сәуле 19.04.2021
Төлеуге шамасы келетін суммаға ғана алу керек қой. Жақсы машина алып шалкайып жүргендерден машинасы жоқ бірақ кредиты да жоқ адам бақытты ма деп қалдым
Жауап беру
Ө
ӨТЕ ОРЫНДЫ ДУРЫС АЙТТЫЗ 30.03.2021
Өлсенде туған туысым төлейді
Жауап беру
Ө
ӨТЕ ОРЫНДЫ ДУРЫС АЙТТЫЗ 30.03.2021
Өлсенде туған туысым төлейді
Жауап беру
Ө
ӨТЕ ОРЫНДЫ ДУРЫС АЙТТЫЗ 30.03.2021
Өлсенде туған туысым төлейді
Жауап беру
Ө
ӨТЕ ОРЫНДЫ ДУРЫС АЙТТЫЗ 30.03.2021
Өлсенде туған туысым төлейді
Жауап беру
Г
Гүлзина 15.03.2021
Я кредитті адам қиналғаннан аладғо'не денсаулық'не оқу үшін немесе тб.баламның оқуы 'денсаулығы үшін алған кредитті сол төлей алмай отрмыз.оны қайта кредиттемейд жұмыста жоқпыз.былтырғыдай көмек беріп жберсе Укіметіміз .жақсы болар ед.
Жауап беру
Г
Гульфайрус 27.02.2021
Кредитимиз кеширилсе екен букил жумысымыз токтап тур осы кредитке бола
Жауап беру
Г
Гүлмереке 23.02.2021
Айлыққа25% қосылады дегені қайда? Әле жаңа жылға айлық алмадық. Кредит төле деп қоймайды қайдан төлерімді білмеймін. Кредит алып кредит төлеймізба білмеймін. Бүгін төлейтін күн басым қатып отыр.
Жауап беру
А
Альфия 21.02.2021
Жұмыс тоқтап кредитті кредит алып төлеуге қарадық келешегімізге алаңдаймын. Карантин қалып жұмыс басталса жақсыболар еді
Жауап беру
С
Самал 19.02.2021
Кредитті жабу ушин кайда не жазу керек
Жауап беру
Ж
Жания 18.02.2021
Укимет комектессе жаксы болар еди кредиттен коз ашпадык кой айлык аз ешнарсеге жетпейди
Жауап беру
С
Салтанат 14.02.2021
Окімент бир комеген берсе гои ешкаида жеткизе алмаи отырмызалмаи журмиз кридит квартира деп омир сурип келемиз калаи жинаимыз акшамызды
Жауап беру
С
Саюра 14.02.2021
4 баладан жоғары шығар тағы
Жауап беру
С
Саюра 14.02.2021
4 баладан жоғары шығар тағы
Жауап беру
К
Карима 14.02.2021
Женылдык болар еды, былтырғыдаи кешырсе нұр үстыне нұр, балаларымыздын бағына
Жауап беру
Ж
Жайна 13.02.2021
Керемет көмек болар еды.
Жауап беру
Ж
Жамила 13.02.2021
Негізгі қарызды ғана төлесек те жаман болмас еді
Жауап беру
Ж
Жамила 13.02.2021
Негізгі қарызды ғана төлесек те жаман болмас еді
Жауап беру
т
толкын 13.02.2021
Мугедек бала карап отыргандарга берсекасип ашаредтм
Жауап беру
С
Сауле 12.02.2021
Касипкерлерге 6% бен 5-6 млн берсе екен кредит дамуга катысса ла катыспаса да
Жауап беру
Ж
Жанагул Тулешова 12.02.2021
Кредитимзди кеширше дұрыс болар еди
Жауап беру
Ж
Жанагул Тулешова 12.02.2021
Кредитимзди кеширше дұрыс болар еди
Жауап беру
Н
Назерке 12.02.2021
Кредиттерміздін хотя жартысын кешірсе жақсы болар еді карантин осындай боларын білгенде кредитке жоламас едік.бәріміз жұмысымыз жақсы жүрер деп ойладык.отағасым просрочкага әбден кірді.енді соны шамалы азайтып берсе төлер едік ақша тауып.казіргі кезде продуктыда кымбат,бала шаға асырау керек.не крелит толермізді не тамак алармызды білмей калдык.
Жауап беру
Б
Балжан 12.02.2021
Кридит бар керек кезде алдык бырак алдымызда не кутып турғанын былмедык карантин болып жолдасым жумыс жасай алмай уйде отырды енды устындегы прасентын алып тастаса улкен комек соның өзы
Жауап беру
Б
Баян 12.02.2021
Несиесін төлей алмай жүргендер не істейді? Кандай женилдиктер карастырылады екен? Біздің де кредитіміздің үстіндегі пайызын алып тастаса жаксы болар еди.
Жауап беру
Г
Гүлжамал 12.02.2021
Менің қаиын сіңлім кредит алған бірақ төлеи алмаи жүр ол алған кезде ағасының номерін берген қазір сот орындаушылар мазалап ағасының счотын мүлкін арестке қоиам деп мазалап жатырсол жағдаида не істеуге боладыгарант емес ағас
Жауап беру
А
Асель 15.02.2021
Анасы гарант болмаса, дым истей алмайды уайымдаманыз
Жауап беру
А
Асель 15.02.2021
Агасы дегеним
Жауап беру
А
Айман 12.02.2021
Олар колектрлер солай коркытып ондирип алгысы келеди. Ага ынын ештене сине тисуге кукы жок. Енди звандап мазаласа сотка берем деп айтыныз
Жауап беру
С
Сұлу 11.02.2021
Несиесін төлей алмай жүргендер не істейді
Жауап беру
М
Мейрамкул 11.02.2021
Біздің де кредиттіміздің ең болмаса үстіңдегі пайызын алып тастаса екен.
Жауап беру
Г
Гүльмира 11.02.2021
Көп балалы аналарға да көмек болса ғой жеңілдіктер
Жауап беру
Г
Гүльмира 11.02.2021
Көп балалы аналарға да көмек болса ғой жеңілдіктер
Жауап беру
Т
Тугелбаева Багдат 11.02.2021
Алдымызда не күтіп тұрғанын кайдан білик.Кәзіргі таңда жалғыз басты аналарға қте қиын бір көмек болсағой жеңілдік
Жауап беру
Т
Тугелбаева Багдат 11.02.2021
Халыққа колектірге кеткен кредитерін кайта банкіге кайрса жақсы болар еді.Халыққа қиын онсызда қиналғанда ол колектирдиң қосқан ақшасымен толеуге өте киын .Банкіге кайтарса кайта боліп толеуге мумкіншілік берсе жаксы көмек болар едін
Жауап беру
А
Акмарал 11.02.2021
Халықтың кредитін кешіріп берсе сол ең жақсысы болар еді. Халық жетіскеннен алған жоқ кредитті. Енді мына жағдайға байланысты төлей алмай отыр. Процент өсіп жатыр, дүкенде де баға күннен күнге өсіп жатыр. Халық өте тығырыққа тірелді. Ал үкіметтен еш қайыр жоқ өз қалтарын толтырып риза.н
Жауап беру
Ж
Жансая 11.02.2021
Менин жолдасымда кредит бар бурын жумс жасап жургенде алган казыр жумска жпрамсыз болып толенби калды ози 2 гр инвалид казыр мол кредитти пенсиямнан устап отр ол каншалыкты дурыс бала кезинен ГЕМОФЕЛИЯ мен учетта турады.3 баламыз бар тек пенсиямен ккн корип отрмыз
Жауап беру
К
Куралай 11.02.2021
Мен де кредит бар күйеуімдеде кредит бар 5кутыла алмаяк койдык
Жауап беру
Т
Таңсұлу 11.02.2021
Менде Каспий де кредит бар бірақ мен төлегенмін бұлар мені процентке кіргізіп қойған енді жұмыс істейсің алмай отырмын банк карталарымды жапқан төрт баламды қалай асыраймын көмек берсеңіздер осы мәселені шешуге
Жауап беру
Т
Таңсұлу 11.02.2021
Менде Каспий де кредит бар бірақ мен төлегенмін бұлар мені процентке кіргізіп қойған енді жұмыс істейсің алмай отырмын банк карталарымды жапқан төрт баламды қалай асыраймын көмек берсеңіздер осы мәселені шешуге
Жауап беру
О
Осындайда комектеспесе кашан комектеседиокмет 10.02.2021
Комектесин
Жауап беру
С
Сагила 10.02.2021
Халыктын несиесін жауып берсе жақсы көмек болар еді, миллиардерлерге бере бермей пандемиядан зардап шекті деп солардың аузын майлайдыда жатады
Жауап беру
Э
Эльмира 10.02.2021
Мен шағын бизнес мақсатымен ақша алңым келіп еді, жұмыс істейсің деп берілмеді(жолдасыма) Ресей мемлекетінің жұмысшысы. Қалай болады екен
Жауап беру
А
Айнур 10.02.2021
Кредитті кешіріп берсе халықтың жағдайы жақсарып бір серпіліп қалатын еді, тіпті кешірмеген жағдайда үстіндегі проценті азайтып берседе көп жеңілдік болар еді.
Жауап беру
А
Айнур 10.02.2021
Кредитті кешіріп берсе халықтың жағдайы жақсарып бір серпіліп қалатын еді, тіпті кешірмеген жағдайда үстіндегі проценті азайтып берседе көп жеңілдік болар еді. Х
Жауап беру
Т
Туржанова Алтынгул 10.02.2021
Несиемды жауып берсеніз өтыныш
Жауап беру
Г
Гүлнар 10.02.2021
Несиені кешірсе жақсы болар еді
Жауап беру
С
Сауле 10.02.2021
Мына пандемияның кесірінен неше адам кредитін өтей алмай отыр.Жабуға көмектессе нұр үстіне нұр болар еді.
Жауап беру
М
Мирас 10.02.2021
Иа кредит кешіріле дурыс болар енді
Жауап беру
М
Мирас 10.02.2021
Иа кредит кешіріле дурыс болар енді
Жауап беру
Т
Толкын 10.02.2021
Оздерине пайдалы болса ертен ак орындалып кетер еди,халыкка пайдалы болса жылдар керек орындалу ушин.Халыкты кредитке байлап койып отыр.Пайызы оте жогары кредиттин,займдарда мулде зан жок,халыкты канап болды.Халыкка пайдалы зан шыгармайды булар
Жауап беру
А
Ажар 10.02.2021
иа кредитти кеширсин демимиз пайызын азайтса жаксы болар еди мына карантинде толеудин ози киындап кетти халыктын жагдайы маз емес .Мен озим 2 мил кредит алгам соны толей алмай 1 жылдай журдим енди проценти 1 жылга 1 мил болып кеткен оны толеп кашан битирем билмим баринен шаршадым айлыгыма сай графикте жасап бермеди
Жауап беру
А
Айзат 10.02.2021
Сонымен мынаны кім түсінді жазғанын.Толықтай не айтты өзі
Жауап беру
Г
Гулнур 10.02.2021
Менде түсінбедім. Дәулет сіз жалпақ тілмен түсіндірсеңіз екен
Жауап беру
Ж
Жадыра 10.02.2021
Кредит кешірілсін демеимин бірақ жағдайымыз болмаи толей алмаи қалғандарға көмек беріп қаита сол қалған ақшаға график қойып берсе жақсы болар еди
Жауап беру
М
Мадибек 10.02.2021
Не озгереди сонда тусинбедим??
Жауап беру
А
Айдар 10.02.2021
Букил Казакстанын кредитерин кеширеме?
Жауап беру
А
Айза 10.02.2021
Кредит кеширлсин деп айта алмаймын. Ким алса да оздери ушин алды. Алган кезде ойлану керек еди. Брак кейбир адамдарда ар турли жагдай болып сол себепти толей де алмай калып жаткан халык бар. Банкка барып жагдайын айтса карамайды, содан сон кредиттын пайызы осип биржолата толей алмай калады. Бул биздин кредит алган кезде договоры окымаганымздын кесири. Акшага одобрение бергенге маз боламыз. Кейн договордын кайда калганын да билмеймиз. Коедитты укимет кеширмейе койсын ,брак осындай жагдайда калып, устинен каншама процент косып жиберген банктын проценттерин алып тастап Жана график курып берсе адамдарга жаксы болар еди деп ойлаймын.
Жауап беру
Э
Эльвира 10.02.2021
Кредит кеширилсе жаксы болар еди
Жауап беру
Г
Гульбакыт 10.02.2021
Кредитти жапса жаксы болар еди
Жауап беру
Ж
Жауқазын 10.02.2021
Несие пайызын азайтсын. Шекті мөлшер белгіленсін. Несиені кешірсе халық тағы барып алады. Əркім шамасына қарай алсын. Өкімет жауып беруге міндет емес.
Жауап беру
Г
Гулжамила 10.02.2021
Несие несие несие білмим қалай құтыламыз
Жауап беру
Р
Раушан 10.02.2021
Әрине кредитті жапса болар еді халық қиналвп кетті.өзімізде тіпті болмаса процетін толық алып тастасын алған ақшамызды қайтару да оңай емес
Жауап беру
Д
Дина 10.02.2021
Кредиттимизди жане бир жауып берсе, нур устине нур болар еди. Карантин басталгалы кредитти толеу кйынга согып жур.
Жауап беру
К
Коп балалы анамын 10.02.2021
Жапса жаксы болар еды
Жауап беру
М
Майгуль 10.02.2021
Кредиттік амисия жасамаса қайыршылық күйде не бала оқыта алмай не тамаққа ақша жок кол жайып кетеміз.
Жауап беру
А
Айгул 10.02.2021
Жолдасымды емдеимиз деп алаяк Осмед мед центр кридитке жасаган казир осип жатыр осы жагынан комектессе
Жауап беру
B
BAGDAGUL 10.02.2021
Кридит жауып берема
Жауап беру
Ж
Жанат 10.02.2021
Мен улкеним 10 желтоксанда23ке толды ен 4балага аламын депотырмын 2002ж кызым Альфараби универс итете окиды
Жауап беру
М
Мерей 10.02.2021
Процент емес пайыз деп қазақша дұрыс қоспайсыңдар ма
Жауап беру
Б
Бақытгүл 10.02.2021
Енді амнистия жоқма?
Жауап беру
А
Аккенже 10.02.2021
Кредитке амнисия болмайдыма
Жауап беру
Б
Багила 10.02.2021
осы Әбілқасымованы неге құртпайды қанішерді алдымен кредиттік амнистия жасамын содан кейін процентін азайтаберсін
Жауап беру
М
Мұхтар 10.02.2021
Кредитке рақымшылық жасамайма екен+
Жауап беру
Г
Гүлсім 10.02.2021
Кредитті жетіскеннен алған жоқпын денсаулығым үшін алдым. Зейнетақын кредитке жабайық десек берілмедіі. Енді сол кредитке қолдау көрсетіңіздер, немесе айлыққа ақша қосыңыздар айлық өте аз. 70 мың
Жауап беру
А
Асель 10.02.2021
Ештеме түсінбедім
Жауап беру
В
Венера 10.02.2021
Бизнесмендерге гана женилдик бар,жеке тулгаларга ешкандай комек жок. Типти толей алмай журген адамдарга катан шаралар колдану керек деп айтылганр
Жауап беру
Ж
ЖАНАТ 10.02.2021
КӨМЕК БЕРСЕ БОЛАР ЕДІ ЖАЛҒЫЗ БАСТЫМЫЗ КРЕДИТ ТӨЛЕЙ АЛМАЙ ОТЫРМЫЫН
Жауап беру
А
Адам 10.02.2021
Ештеңе айтылмапты ғой несие кешіру туралы
Жауап беру
П
Процентін алып тастайма десем 10.02.2021
Устиндеги процентін алыб тастаса боладығой, страховкасыда бір талай
Жауап беру
?
??? 10.02.2021
Сондағысы не болды?
Жауап беру
З
Замира 10.02.2021
Процентін азайтсада жетер еді пр жоғары кешірмеседе
Жауап беру
Г
Гулмира 10.02.2021
Халыкты канаудан баска түк битирмейтин болды блятььь
Жауап беру
Г
Гулмира 10.02.2021
Өтирикшилер жатканннн
Жауап беру
Г
Гулмира 10.02.2021
Кай жылы кезекте тургандар алады екен ким биледи
Жауап беру
Р
Райса 10.02.2021
Не кылган заң айтеуир биреуи пайдаға аспайды.Ериккеннен ешким алмайды кредитти үлкен бир тонкерис керек боп турго укимитке Кыргызтандагыдай
Жауап беру
Д
Динара Абдуллаева 10.02.2021
Кешырсын киналып кеттык жумыс жок айлык аз жеткызе алмай журмын кв турамын жалгыз басты ана
Жауап беру
С
Салтанат 10.02.2021
Ешкандай колдау окып отканым жок. Сайтка киру ушин отирик жаза береди екенсиз. Азайып осени бизге не кажет
Жауап беру
У
Улжан 10.02.2021
Не деди дым тусинген жокпын казакша жалпак тилмен неге тусиндирмейди. Орысша айтылган сиякты Соны казакша аударган .
Жауап беру
Ф
Фариза 10.02.2021
Мен де кредитти жетискеннен алдымба жал казирги уакыттта уиде еки баламен отырм жумыссыз. Жолдасым таксовкага шыгады озинин басында еки кредити бар. Бала шаганын ишип жеми бар. Киимим бар дегендеи. Ол сорлылар тек оз калталарын оилаиды.
Жауап беру
М
Мөлдір 10.02.2021
Несиені уақытылы төлей алмай қалған адам, сол несиені жұмысқа тұрып төлеуге график шығаруын сұраса кредиттіңіздің 20-30% төлеңіз дейді. Ол график қойып қарызымнан құтылайын деген адам ол 20-30% қайдан алады? Несиемді өтеймін деген адамға неге қуана 20-30% төледемей жаңа график шығармайды. 20-30% алып тастау керек
Жауап беру
А
Аноним 10.02.2021
Халык кымбатшылыктан шаршады. Несиени асып-тасыганынан алмайды. Айлык жаксы болса, тамак, ком. услуга арзан болса, окудын акысы кымбат болмаса, жумыска туру ушин жемкорлык болмаса, ешким кредит алмайтын еди. Билемин, арким кредит и ози ушин алды жане оны кайтару керек екенин де биледи. Халык сауатсыз емес, анкау емес жалкау да емес. Тек осындай бейбит омирде жокшылык кормей омир сурулерине мемлекет тарапынан жагдай жасалмай отырганы жанына батады. .
Жауап беру
А
Айман 10.02.2021
Мен кызым оку бытыргенде алган едим 200 мын арине быреуге акша емес болар маган улкен акша,оиткены жалгыз басты анамын,туракты жумыс жок басымда уйым жок осы уакытка диын толей алмай келемын,калай шешуге болады? Осы уакытка диын ешкандай жерден комек алып коргеным жок тапканым балдарыма патерыме кетеды..... Кашан халыктын жагдайы тузеледыыыы....
Жауап беру
А
Айгүл 10.02.2021
Мен ешқандай қолдауды көріп отырған жоқпын бұл жерде.Тек микрозаймдарға қатысты айтылғандар ғана кішкенне көңіл көншітерлік болды .Ол да аяқсыз қалмаса...
Жауап беру
А
Айнур 10.02.2021
Микрозаймгада не айтты , лицензия берип билгендеринди истендер депотырго, 100 мын алсан % 100 кылып койды
Жауап беру
К
Куаныш 10.02.2021
Мулдем толемей кою керек барлыгы бирдей ешнарсе ыстейалмайды
Жауап беру
А
Айгерим 10.02.2021
Сонымен тұқ етері не ,несие төлеуге көмек көрсету керек ко ,50% төлеп болсада өмір сүру қиын болып кетті
Жауап беру
А
Алмагул 10.02.2021
Мен қаражат жетіспегеннен баламның еміне ақша керек боды 300мыңдай несие алғам жолдасымның табысы от басын ғана асырауға жетеді өкіметен ешқандан не көмек алмасақ несие берген банкке рахмет не халықтың жағдайын оиламиды
Жауап беру
Л
Ляззат 10.02.2021
Ал жогарыдагылар 300милиард тенгени тиймсиз жумсаган деп спокойно отыра беред ал кара халык жетискенен алдыма сол кредиты ертен зан шыгара салад кредиты толемей жургендерге онзызда айтып тур гой катан зан кушийтилед деп кайтармагандарга сол халыкты ойляп откан адам жок сол жеген ишкендерин сол халык кайтарады гой
Жауап беру
А
Али 10.02.2021
Айтпаңызшы адамның ишин куидирип бұл биліктегилерден ешкандай қайыр жоқ
Жауап беру
Н
Назерке 10.02.2021
Көмек керек жалғыз басты анамын 2кедитим бар соны толи алмаи отрмын өзім үиде бала мен отрмын сол үшин комек сұраимын
Жауап беру
А
Айжан 10.02.2021
Кридитті уйге,денсаулыққа қажет болғасын алғанбыз ол кезде куйеуім жұмыс жасайтын еді.Одан кейін аяқ-қолы сынып 3 жыл жатты кридит қайдан толесін.Жанымызды әрен бақтық.Айлық болса дәрімен свет,су,көмірден артылмайды.Төле деп куні туні звондайды.Ақша болса төлеп неге тыныш уйықтамасқа.Несиенің пайызы тым көп.Айлық болса аз.Халық қайтсін.Екі жұмыс жасасақта балалар бар.Оладың кітап қаламы,киім-кешек алмасқа болмайды.Ауырса дәріге сол құрғыр ақша іздеп сарыламыз.Кейде ерте кетіп кеш келіп баламыздың бетінде көрмейтін кездер болады.Өзім емшектен шықпаған баламен жұмыс жасаймын.Сондада бәрі қымбат.Несиені төлеу мумкін болмай кеттіго.
Жауап беру
Л
Ляззат 10.02.2021
Бул жерде кеширмийт кайта кушеуйту керек деп тур гой кайтармагандарга бизде негизи шаш ал десе бас алады гой
Жауап беру
А
Айжан 10.02.2021
Кешірмейді.Халыққа емес банкке қолдау көрсетейін деп жатыр.Төлемесен уйіңді,жеріңді,машинаңды,ол жоқ болса балаңды аламыз деп журмесін.Укіметтен бәрін күтуге болады.Бәрінің тамағы кең.Каншама миллиардтарды жеп енді халыққа көмектесуге әлдері келмей қалыптығо
Жауап беру
Б
Ботагоз 10.02.2021
Елдер не жумыс жок не акша жок баска жакта ананы согады мынаны согып жатыр оган окиметте акша жетеди ал Елди жалатып кредитти кайтар дид осы дурыспа
Жауап беру
А
Анар 10.02.2021
Кайынымыз осыдан 4 жыл алдын куйеуме 2 кредит алгыздырган сонын биреун енди битирдик жауып екиншисин толей алмай жатырмыз озим декреттемин квартирада турамыз не истеримизди билми журмиз ол кайным осы уакытка дейн бир тиынын толемей жур не за что толеп жургениме ишим куйеди барин Аллага тапсырдым
Жауап беру
К
Калима 10.02.2021
Кредитти бир жолға кеширилсин деп сұраймын, жұмыс жоқ Карантинге байланысты тоқтап тұр ғой кредит төле деп қақсап соғып қоймайды
Жауап беру
О
Орынбек Алмасбек 10.02.2021
3К бар улкен сумада кеширип бериниздерши отиниш сиздерден Аллахым разы болсын сиздерге
Жауап беру
А
Алмас 10.02.2021
Отиниш сиздерден Алла разы болсын Кредиттимди кеширип бериниздерши толейалмай отырмын 3Кредиттим бар улкен сумада отиниш
Жауап беру
Х
Халима 09.02.2021
Не айтылды, нақтылап жазбайма, түк түсінбедім
Жауап беру
Е
Елдос 09.02.2021
Кім не түсінді?
Жауап беру
Б
Балхия 09.02.2021
Менде тук тусинбедим
Жауап беру
К
Кыдырбаев Мейрамбек Серикбаевич 09.02.2021
Я кешірілсін төлей алмай жүрміз сол
Жауап беру
Г
Гулчехра 09.02.2021
йа өте орынды кредит толеп беру керек
Жауап беру
Л
Лаура 09.02.2021
Даулеттен тилимен айтып тусиндирмесе тусину киын
Жауап беру
Х
Ханторе 09.02.2021
Мен дым тусинбедим.
Жауап беру
Ж
Жайнагул 09.02.2021
Кредит кеширле ме
Жауап беру
А
Айжан 09.02.2021
Сонда только кадагалау анау мынау ганама?Неге ток етерин жазбайды.Халыктын кредиттеринин процентин азайтсын деп
Жауап беру
Н
Нағима 09.02.2021
Ия жабылсын несие карантинге қарсы төйли алмай қалдық бонкрод болдық
Жауап беру
Н
Наскен 09.02.2021
Кредитимиз кеширилеме қалай сонда тусиндирип ацтылса
Жауап беру
А
Асма 09.02.2021
Сонда кешірема кредит не дид
Жауап беру
А
Айжан 09.02.2021
Менде тусинбедим
Жауап беру
Г
Гүльзат 09.02.2021
Бұл жерде кредит кеширилсин деген тема козгалган жоқ
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл