Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған екі мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған екі мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады

07.03.2021
1 мин
6
1094

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен «Игі істер марафоны» аясында 8 наурыз мерекесі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттері таратыла бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 6-9 наурыз аралығында «Игі істер марафоны» аясында 2 мыңнан астам азық-түлік себетін тарату жоспарланған. Әр отбасыға бір себеттен беріледі. Олардың әрқайсысының салмағы 25-27 келі. Ішінде жарма, макарон, күнбағыс майы, күріш, қарақұмық, қант, шай, ұн, түрлі тәттілер, балаларға арналған кәмпиттер, сол сияқты кір жуғыш ұнтақ, сабын, сусабын секілді тұрмыстық химияның 20-ға жуық өнімі бар.

«Біз барлық мұқтаж азаматтарға арнайы тізім бойынша азық-түлік себеттерін тарата бастадық. Олардың қатарында қарттар, I, II, III топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жалғыз басты аналар, көпбалалы отбасылар бар. Акция аясында 6-9 наурыз аралығында біз 2 мың отбасыға көмектесуді жоспарлап отырмыз. Мұндай шаралар кешені наурыз айының соңына дейін жалғасады. Ал айдың соңына дейін біз одан да көп отбасын қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шараға түрлі ұйымдар демеушілік етеді. Бұл себеттерді үйлерге әкімдік қызметкерлері, партия өкілдері, қарапайым азаматтар, еріктілер жеткізеді», – деді елорданың Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
6 Пікір
Н
Нурила Рахимбаева Қуандыковна 08.03.2021
Шымкент те міз
Жауап беру
Ш
Шолпан 07.03.2021
Нұр сұлтаннан алған түгіміз жоқ
Жауап беру
А
Акнур 07.03.2021
Тараз каласында жокпа ондай игі истер
Жауап беру
А
Акерке 07.03.2021
мен де асп аламын коп балалы анамын
Жауап беру
Б
Ботагоз 07.03.2021
Неге баска калаларда таратпайды тек сол Нур-Султанда?
Жауап беру
Р
Роза 07.03.2021
Көрген баққандары сол да
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл